27 тамыз 2024 09:00
ӘЙЕЛДЕР ЛИГАСЫ
Жаңа деңгей: Қазақстанда әйелдер командасының саны артады
27 тамыз 2024 09:00
2025 жылдан бастап QFL Әйелдер лигасында қатысушылардың санының өсуі жоспарлануда. Бұндай қадам 2034 жылға дейінгі Қазақстандық футболды дамыту стратегиясы аясында жүзеге асып, республика көлемінде әйелдер футболын кеңінен танытуға бағытталады. Одан бөлек, әйелдер командалары санының өсуі ФИФА мен УЕФА талаптарына сай болмақ.
ҚФФ Атқарушы комитетінің шешіміне сәйкес, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚР футбол клубтарын лицензиялаудың ережелеріне бірқатар өзгерістер енбек. Құжатта Премьер-лигаға қатысушы клубтардың құрылымында міндетті түрде әйелдер командасы болу керек деген талап болады. Осы орайда QFL 2025 жылға арналған Әйелдер лигасы мен Әйелдер кубогының регламентін түзіп, тиісті хабарламаны клубтарға жіберді.
«Қазіргі таңда әлемде әйелдер футболының аудиториясына деген сұраныстың артып бара жатқаны байқалады. Футбол индустриясында жаңа ауқымды нарық қалыптасуда. Біз де Лигада осы бағытқа ерекше назарымызды аударып, болашағы болатынына сенімдіміз. Осы жылы біз QFL Әйелдер кубогын жаңа форматта ұйымдастырып, бірінші мәрте QFL Әйелдер лигасын өткізіп жатырмыз. Турнирге деген қызығушылық ақырындап өсіп келеді. Алғаш рет отандық футболда әйелдер бәсекесінің әр матчы отандық телеарналар мен Лиганың ресми сайтында тікелей эфирден көрсетіліп келеді. Біздің отандық клубтар бәсекеге толы командаларды қалыптастырып, жаңа нарықтың болашағы барын сезініп, нәтижесінде жаңа мүмкіндіктер ашылатынына сенімдімін. Бұл аудиторияға да, ұлттық құрамаға да оң ықпал ететіндігі сөзсіз» - деді Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров.
Айта кетейік, 1-9 мамыр күндері аралығында QFL Әйелдер кубогы өтіп, «БИІК-Шымкент» клубы чемпион атанған болатын. Ал 17 мамыр күні QFL Әйелдер лигасы басталды. Алдағы уақытта QFL Әйелдер Суперкубогы бәсекесін ұйымдастыру жоспарда бар. Биылғы маусымда 5 команда бақ сынап жатыр: «Ақтөбе» (Ақтөбе қ.), «БИІК-Шымкент», «Ордабасы» (екеуі де Шымкент қ.), «Оқжетпес» ( Көкшетау қ.) және «Томирис-Тұран» (Түркістан қ.).

Басқа жаңалықтар