Жеткіншектеріміз Бавариядан жеңілді
Бұл жолы Сергей Тагиев шәкірттері Бавария аймағының футболшыларынан жеңілді. Есеп — 2:3. Соңғы минутқа дейін таблода тең есеп тіркеліп тұрған. Өкінішке қарай, соңғы секундтарда қақпамызға гол жіберіп алдық. Дегенмен, Қазақстан құрамасының кем құрамда өнер көрсеткенін де ескере кеткен жөн. Ойын ортасында "Атырау" футболшысы Алтынбек Сапаров алаңнан қуылған болатын. Ал Қазақстан құрамасының сапында "Восток" шабуылшысы Владислав Морозов дубль авторы атанды. 0:2 есебімен жеңіліп жатқан шақта 35 және 42-ші минуттарда гол соққан Морозов өзінің өрнекті ойынымен көрермендердің қошеметіне бөленді.
Бұл матчта Қазақстан жасөспірімдер (U-18) сапында мына ойыншылар ойнады: Зайнутдинов, Бейсембаев, Цой (Нұралы 35), Халелов, Кузьменко, Сапаров, Жүнісов (Әбдірахманов 58), Морозов, Куксин (Қарабалаев 47), Балғабаев (Сатыбалды 41), Тұңғышбаев.