KZ
KZ RU
02 тамыз 2012 11:44

«Қайрат Академия» - 2000 жылғы жеткіншектер арасындағы ел чемпионы

02 тамыз 2012 11:44

Республикамыздың 16 командасының жас жеткіншектері алаңға көтеріңкі көңіл күйде және қолдарына шар ұстап шықты. Осылайша олар 2000 жылғы жас жеткіншектер арасындағы Ел біріншілігінің ашылуын атап өтті. Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен, ұйымдастыруымен өткен додада төрт-төрттен төрт топқа бөлініп, «Металлург» және «Строитель» стадиондарында бас жүлдені сарапқа салды.

 

Біріншілікте Республикамыздың әр аймағынан 16 команда өнер көрсетті:

 

1. «АҚ БҰЛАҚ» (Алматы обл.. Талғар қаласы);

 

2. «АҚТӨБЕ ЖАС» (Ақтөбе қаласы);

 

3. «АСТАНА-1964» (Астана қаласы);

 

4. «Бәйтерек» (Астана);

 

5. «БИІК» (Шымкент қаласы);

 

6. «БОЛАТ АМТ» (Қарағанды обл. Теміртау

 

7. «ВОСТОК» (Өскемен);

 

8. «ІЛЕ-СӘУЛЕТ» (Алматы обл., Іле ауд);

 

9. «ҚАЙРАТ АКАДЕМИЯ» (г. Алматы);

 

10. «КАСПИЙ» (Ақтау қаласы);

 

11 «ҚЫРАН» (Шымкент);

 

12. «ЛАШЫН» (Жамбыл обл. Қаратау қаласы);

 

13. «СПАРТАК» (ШҚО, . Семей);

 

14. «ЦСКА» (Алматы);

 

15. «ЕКІБАСТҰЗ» (Павлодар обл, г. Е Кибастұз);

 

16. «Қызылжар» (Петропавл).


Шілденің 21-і мен 25-і аралығында електік ойндар өтіп, біріншіліктің финалына жолдама алған төрт команданың «Қайрат-Академия», «Қыран», «Астана-1964» және Қаратаудың «Лашыны» болатыны анықталды. Дегенмен, тартысты ойындар доданың соңғы күні өтті. Жан алысып, жан беріскен ойындардың нәтижесінде "Қайрат-Академия" жеңімпаз атанса, екінші орын Қаратаудың "Лашын" клубына бұйырды. «Астана-1964» үздік үштіктен көрінсе, ал «Қыран» төртінші орынды қорытындылады.


Сондай-ақ, 2000 жылғы жеткіншектер арасында алты номинация бойынша үздіктер анықталды.

 

Үздік қақпашы - Магрипов Шахбоз (Лашын);

 

Үздік қорғаушы - Сауытов Ильяр (Қайрат-Академия);

 

Үздік жартылай қорғаушы - Ташметов Фархат (Лашын);

 

Үздік шабуылшы - Прокопенко Владислав (Астана-1964);

 

Үздік ойыншы - Мқаашев Арыстан (Қайрат-Академия);

 

Үздік сұрмерген - Қуанай Ислам (Екібастұз).