KZ
KZ RU
19 қазан 2021 09:43

«Қайрат» - «Астана» ойыны «Матч! Футбол 2» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі

19 қазан 2021 09:43

Қазақстан футбол федерациясы, «Қайрат» футбол клубы және ҚКФЛ арасындағы бірлескен келіссөздер нәтижесінде OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 25-тур «Қайрат» - «Астана» кездесуі ресейлік «Матч!» телеарнасының эфирінде көрсетіледі.

«Матч!» телеарнасының эфирлік кестесінің жоспарлауының аяқталуына байланысты, Чемпионаттың ресми хабар таратушысы Qazsport телеарнасының келісімімен ойынды елорда уақытымен 15:00-де өткізу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан футболының тарихында OLIMPBET-Чемпионатының ойыны «Матч Футбол 2» ресейлік телеарнаның тікелей эфирінде бірінші рет көрсетілмек.