23 қараша 2015 12:22
«Қайрат» «Астананы» Қазақстан Кубогының финалында жеңді
23 қараша 2015 12:22
Станимир Стойлов шәкірттері өз аренада ойнағанына қарамастан, Владимир Вайсс командасына қарсы еш әрекет жасай алмады.
Бірінші доптың авторы Патрик Твумаси атанды. Африкалық футболшы «Қайраттың» қақпашысы Владимир Плотниковты алдап, допты қақпаға әдемі соққымен кіргізді. Алматылық футболшылар өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, узіліске 0:1 есебімен дем алуға кетті. Бірақ екінші таймда Вайсс шәкірттері өз мүмкіндіктерін жібермеді. Сербиялық шабуылшы Джордже Деспотович өз отандасы Эричтың қақпасына екі мәрте гол соқты. 2:1 есебімен «Қайрат» осы ойында жеңіске жетті.
Қазақстан Кубогын алматалықтар капитаны Бауыржан Исламхан Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың қолынан алды. Осы дәрежені «Қайрат» өз тарихында жетінші рет бағындырды.
Басқа жаңалықтар