KZ
KZ RU
04 наурыз 2017 17:01

«Қайрат» - Қазақстан Суперкубогының екі дүркін жеңімпазы

04 наурыз 2017 17:01

Суперкубок үшін ойында алматылық «Қайрат» пен «Астана» кездесті. Матч өте тартысты өтті. Командалардың есеп ашуға көптеген мүмкіндіктері болды, бірақ алғашқы доп тек 76-шы минутта соғылды. Голдың авторы Сезар Арзо. Матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда «Қайрат» ойыншылары Абзал Бейсебековтің қателігін пайдаланып, екінші допты соқты. Исламбек Қуат өз мүмкіндігін жібермеді - 2:0.

«Қайрат» (Алматы) — «Астана» (Астана) 2:0

Голдар: Сесар Арзо (76′), Исламбек Қуат (90+3′)

«Қайрат»: Владимир Плотников, Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исаэль да Сильва Барбоза, Жерар Гоу, Сесар Арзо, Андрей Аршавин

«Астана»: Ненад Эрич, Марин Аничич, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Иван Маевский, Патрик Твумаси, Жуниор Кабананга, Аздрен Ллулаку

Төрешілер: Артем Кучин (Қарағанды),Анатолий Ходин (Атырау), Евгений Бельский (Тараз)

Қосымша төрешілер: Данияр Сахи (Қызылорда), Денис Измайлов (Талдықорған)

Инспектор: Александр Мазманьян.