19 тамыз 2015 15:53
«Қайрат» - «Ертіс» матчы 24-тамызға белгіленді
19 тамыз 2015 15:53
Премьер-лиганың 24-ші турындағы «Қайрат» пен «Ертіс» командалары арасындағы матч 2015 жылдың 23 тамызынан 24 тамызға ауыстырылды.
«Қайрат» пен «Ертіс» футбол клубтары 24-ші турдағы матчтың күнін ауыстыру жөнінде келісімге келе алмады. «Қайрат» футбол клубының 2015/2016 жылғы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде ойнауымен және Чемпионат тәртібінің 5.19 пунктіне байланысты Кәсіпқой футбол лигасы бұл матчты 24 тамызға ауыстыру жөнінде шешім қабылдады.
Дубль командалары арасындағы матч белгіленген уақытта, яғни 22 тамызда өтеді.
Басқа жаңалықтар