KZ
KZ RU
19 тамыз 2015 15:53

«Қайрат» - «Ертіс» матчы 24-тамызға белгіленді

19 тамыз 2015 15:53
Премьер-лиганың 24-ші турындағы «Қайрат» пен «Ертіс» командалары арасындағы матч 2015 жылдың 23 тамызынан 24 тамызға ауыстырылды.  
 
«Қайрат» пен «Ертіс» футбол клубтары 24-ші турдағы матчтың күнін ауыстыру жөнінде келісімге келе алмады.  «Қайрат» футбол клубының 2015/2016 жылғы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде ойнауымен және Чемпионат тәртібінің 5.19 пунктіне байланысты Кәсіпқой футбол лигасы бұл матчты 24 тамызға ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. 
 
Дубль командалары арасындағы матч белгіленген уақытта, яғни 22 тамызда өтеді.