KZ
KZ RU
16 тамыз 2018 22:12

«Қайрат» еурокубок жарысынан шығып қалды

16 тамыз 2018 22:12
Алматыда УЕФА Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен Чехиялық «Сигма» арасындағы кездесудің қарымта ойыны өтті. 
 
Ойынның алғашқы бөлігі алма-кезек шабуылмен басталды. Кездесудің жиырмасыншы минутында «Сигма» есеп ашты. Гол авторы - Мартин Нешпор.
 
Екінші таймда Чехия футболшылары есепті еселей түсті. Көзге түскен Давид Гоуска. Он минуттан соң Мартин Эппель есеп айырмасын қысқартты. 
 
Кездесудің соңында алматылықтар қатарынан Хуан Фелипе мен Исаэль алаңнан қуылды. 
 
Қорытынды есеп - 1:2. Екі ойынның қорытындысы бойынша «Сигма» жарысты жалғастырады. Ал, алматылық «Қайрат» үшін еурокубок науқаны аяқталды.