KZ
KZ RU
27 тамыз 2021 18:22

«Қайрат» ФК Конференциялар лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

27 тамыз 2021 18:22

Бүгін Стамбұлда УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылды.

Жарыстың плей-офф кезеңінде алматылық «Қайрат» екі ойынның қорытындысы бойынша «Фоладан» (Люксембург) басым түсіп, өз тарихында алғаш рет еурокубоктық турнирдің топтық кезеңіне жолдама алды.

Жеребе қорытындысы бойынша «Қайрат» швейцариялық «Базель», әзірбайжандық «Қарабах» және кипрлық «Омония» командаларымен бірге «H» тобына түсті. Конференциялар лигасының топтық кезеңі 2021 жылдың 16 қыркүйегі мен 9 желтоқсан аралығында өтеді.

Турнир ережесіне сәйкес, командалар топта әр қарсыласпен үйде және сырт алаңда бір ойыннан өткізеді. Әр топтың екі үздік командасы аталмыш жарыстағы жорығын келесі жылы жалғастырады.

Әр топтың жеңімпаздары турнирдің 1/8 финалында өтсе, екінші орын алатын командалар Еуропа Лигасының топтарында үшінші орын алған қарсыластармен 1/8 финалға жолдамалар үшін өзара таласатын болады.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Қайрат» футбол клубына УЕФА Конференциялар лигасы топтық кезеңінің аясында өтетін кездесулерде сәттілік тілейді.