KZ
KZ RU
14 шілде 2021 23:51

«Қайрат» футбол клубын құттықтаймыз!

14 шілде 2021 23:51

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Қайрат» футбол клубын израильдік «Маккаби Хайфа» командасынан басым түсіп, УЕФА Чемпиондар Лигасының келесі іріктеу кезеңіне өтуімен құттықтайды.

«Қайрат» футболшылары ел намысын қорғап, барлық жанкүйерлерді әдемі жеңіспен қуантты. Алматылық команданың жанкештілігі мен шебер ойыны «Маккаби Хайфа» қақпасына екі гол соғып, өз қақпасын қарымта голдардан аман сақтап қалуларына себепші болды.

«Қайрат» командасына жеңіс рухын сақтап, сербиялық «Црвена Звезда» командасымен өтетін ойында сәттілік тілейді!

Фото: «Қайрат» ФК баспасөз қызметі