02 қазан 2012 12:08
"Қайрат" футбол клубының ашық хатына жауап
02 қазан 2012 12:08
Бұл хатты мына жерден таба аласыздар.
«Қайрат» футбол клубы" ЖШС
М. Б. Көшалиев мырзаға
Құрметті Мәлік Болатұлы!
Сіздің 27 қыркүйек күні шыққан №1017 хатыңызға жауап бере келе мына нәрсені түсіндіріп өткім келеді. Төрешілік-сараптамалық комиссиясының хаттамасы мен Төрешілік комитетінің шешіміне сүйенген Тәртіптік-бақылау комитеті ҚР біріншілігінің 23-туры аясында өткен "Тобыл" - "Тараз" кездесуіндегі бас төреші Сергей Паськоның төрешілігін "алдын ала ойластырылған" деп ұйғарып, ҚФФ Тәртіптік регламенттің 12 т. 145 бабына сәйкес, матчты қайта өткізу керек деген қорытындыға келген.
Аталмыш кездесу мен 20 тур аясындағы "Жетісу" - "Қайрат" матчының ұқсастығы — екі ойында да нәтижелі қателіктер орын алды. Бірақ "Жетісу" - "Қайрат" кездесуінде 37 минутта "Қайрат" қақпасына допты соғылған допты қапталдағы төреші қате санап жіберген болса, бас төреші 84-минутта "Қайрат" ойыншысын "ойыннан тыс қалды" деп өз бетінше шешім қабылдап, методикалық қателік жіберді. Алайда бұл ұмтылысты нәтижелі шабуылға жатқыза алмаймыз. Өйткені, доп "Жетісу" қақпасына соғылмады. Ал "Тобыл" - "Тараз" кездесуінде бас төреші тарапынан екі нәтижелі қателік болып, екеуінде де доп қақпада тулап жатты:
- "Тобыл" қақпасына бұрыс белгіленген 11-метрлік айып добы (соның кесірінен алаң иелерінің қақпасына гол соғылды);
- "Тараз" командасының қақпасына соғылған дұрыс голдың есепке алынбауы.
Бұл екі сәт те бас төреші С. Паськоның өрескел қателігі. Оны төрешілер корпусы алдын ала ойластырылған деп тапты. Ал С. Пасько төрешілік жұмыстан мәңгілікке аластатылды.
Жоғарыда жазылған деректерге сүйене отырып, ҚР біріншілігінің 20-туры аясында өткен "Қайрат" - "Жетісу" кездесуінің қайта өтуіне еш негіз жоқ деп есептейміз.
Құрметпен,
Вице-президент С. Байшақов
Бұл хат "Қайрат" футбол клубына (Алматы) жіберілді.
Басқа жаңалықтар