KZ
KZ RU
21 қараша 2016 17:38

«Қайрат» ойыншылары күміс медальдармен марапатталды

21 қараша 2016 17:38

Биылғы маусымда медаль табыстау рәсімі мен жанкүйерлермен кездесуді біріктірдік. Шара басында «Қайраттың» футболшылары алматылық клуб ұйымдастырған жанкүйерлер турнирінің үздік командаларын марапаттады.

Артынша «Қайраттың» ойыншыларын марапаттайтын сәт келді. Алматылық клубтың футболшыларына жүлделерін беруге Қазақстан футбол федерация президентінің міндетін атқарушы Сейілдә Байшақов келді. Марапаттау рәсімі ұзаққа созылған жоқ, шара орталық суретпен аяқталды.

Артынша футболшылар жанкүйерлермен әңгімелесуге кірісті. Мұндай кездесулер – «Қайраттың» игі дәстүрі. Бұл жолы ауа-райы мен қар жапқан жолға қарамастан ойыншылармен суретке түсіп, сүйікті футболшыларынан қолтаңба алу үшін келген жанкүйерлер саны аз болған жоқ. «Қайрат» сапынан кеткелі жатқан Анатолий Тимощуктің қасында үлкен кезек болды. Бұл туралы жанкүйерлердің бәріне хабарланды, ал жартылай қорғаушының өзіне барлық футболшылар мен бапкерлік штабтың қолы қойылған жейде тарту етілді. 

"Қайрат" футбол клубы