KZ
KZ RU
13 шілде 2018 09:07

«Қайрат» пен «Ертіс» Еуропа Лигасындағы алғашқы ойындарын сәтті өткізді

13 шілде 2018 09:07
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы УЕФА Еуропа Лигасындағы алғашқы ойындарын сәтті өткізген «Қайрат» және «Ертіс» футбол клубтарын құттықтайды!
 
Бәсі биік алматылық «Қайрат» андорралық «Энгордани» командасын ұтты. Алматылықтар қарсыластың қақпасына үш гол соғып, айтарлықтай басымдыққа қол жеткізді. Қарымта кездесуде де Қазақстан Кубогының иегерлері жанкүйерлерді әдемі ойынымен қуантады деп сенеміз.  
 
«Ертіс» қорғаныста сенімді ойын көрсетті. Павлодарлық футболшылар есеп ашуға тым жақын болды. Алайда, қақпасына гол жібермей, бір аптадан кейін өтетін қарымта кездесуде келесі айналымға өту мүмкіндігі арта түсті.
 
Еурокубоктың алғашқы аптасының қорытындысы бойынша біздің клубтар үш ойында жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті. Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы УЕФА-ның клубтың турнирлеріне қатысып жатқан қазақстандық командалардың барлығына сәттілік тілейді.