KZ
KZ RU
23 шілде 2018 18:14

«Қайрат» пен «Тобылдың» ықтималды қарсыластары белгілі болды

23 шілде 2018 18:14
Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
 
«Тобыл» футбол клубы екінші айналымнан өтсе,  «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – «Раднички» (Ниш, Сербия) жұбының жеңімпазымен кездесуі мүмкін.
 
«Қайрат» екінші айналымнан сүрінбей өтсе, чехиялық «Сигма» командасымен ойнайды.
 
Қостанайлықтар алғашқы ойында өз алаңында, ал алматылықтар сырт алаңда ойнауы мүмкін.
 
Үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары 9 тамызға, қарымта кездесулері 16 тамызға жоспарланған.
 
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы еурокубок жолында «Қайрат» пен «Тобылға» сәттілік тілейді!