KZ
KZ RU
10 тамыз 2020 17:45

«Қайрат» және «Ордабасы» командаларының Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

10 тамыз 2020 17:45

Бүгін швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Еуропа Лигасының жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе тастау нәтижесі бойынша алматылық «Қайрат» армениялық «Ноа» командасын қабылдаса, ал шымкенттік «Ордабасыға» румыниялық «Ботошани» қарсылас атанды. Қазақстандық қос команда ойындарын өз алаңдарында өткізеді.

Турнирдің бұл бірінші кезеңінде жеңімпаздар бір ойын нәтижесімен анықталады. Сонымен қатар кездесулер жанкүйерлерсіз өтеді.

Барлық ойындар 27 тамызда өтеді. Егер ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса, қосымша таймдар және пенальти сериясын өткізу қарастырылған.