"Қайсар" Анталиядағы жиыннан оралды
Қаңтардың 26-сында үшінші оқу-жаттығу жиынына аттанған "Қайсар" Анталияда төрт жолдастық-бақылау кездесуін өткізді. Алғашқы ойынын Украинаның "Металлург" (Запарожье) клубымен өткізіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Одан кейін Санкт-Петербургтың "Динамосын" 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Үшінші жолдастық-бақылау кездесуін Африканың "Этто Эли Магомбо" клубымен өткізіп, қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Ал соңғы кездесуде Черногорияның үздік ұжымдарының бірі Голубовецтің "ЗЕТА" командасынан 1:2 есебімен ұтылды.
Жиын барысында команданың бас бапкері Дмитрий Огай сынақтан өтіп жүрген бірқатар жаңа ойыншылардың бабын байқап, шамаларын тексеріп көрді. Жалпы, "Қайсардың" қазіргі аяқ алысына бапкерлер алқасының көңілі толатынын байқатты. Және де команданы күшейту мақсатында алдағы уақытта да қарқынды жұмыстар жүргізілетін болады.
Енді "Қайсар" футбол клубының төртінші оқу-жаттығу жиыны ақпанның 16-сы мен наурыздың 5-і аралығында өтеді. Бапкерлер алқасы осы жиында команда ойынындағы кем-кетіктерді түзеуге тырысатын болады.
"Қайсар" ФК баспасөз қызметі