KZ
KZ RU
03 наурыз 2012 14:29

"Қайсар" футбол клубы әкімнің жеке қарауында

03 наурыз 2012 14:29

Өткен маусымның екінші кезеңіндегі сәтті ойындары үшін командаға алғысын білдірген Болатбек Қуандықов клубқа бөлінетін қаржының 359 млн. теңгеден 574 млн. теңгеге дейін артқанын жеткізді.

«Қосымша қаржы болып қалуы да мүмкін. Дегенмен, бәрі де команданың ойын өрнегіне және жігіттердің жеңіске деген жігерлігіне байланысты, - деді сөз арасында Болатбек Қуандықов. — Біз шеттен шақыртылған футболшыларымыздың кәсіби біліктілігіне үміт артамыз. Ал одан да маңыздысы жергілікті футболдың түлектеріне сенеміз. Жеңіске жету үшін ұжымда бірлік болуы керек. Футбол да саяси көріністің бірі. Сондықтан, облыстың, жалпы еліміздің жағдайы туралы жат жұрттар да осы спорттық жетістіктерімізге қарап баға береді».

Клубқа жаңа келген ойыншылар туралы Облыстың Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев айтып өтті.

Маусымаралық үзіліс кезінде бас бапкер болып тағайындалған Сергей Когай команданың сәтті өнер көрсетуі үшін өз біліктілігін, тәжірибесін және барлық күшін жұмсайтынын ағынан жарыла айтты.

Облыстық футбол федерациясының жетекшісі Марат Сабырбаев ең алдымен клубтың инфрақұрылымдық жүйесіне, "Қайсар" футбол клубының базасына күрделі жөндеу жүргізуге және әртүрлі мәселелерді дер кезінде шешіп отыру керектігін тілге тиек етті.

Клубтағы барлық жағдайды өз қолына алатынын айтқан облыс әкімі "Қайсар" футбол клубының беделін арттыру үшін қосымша шаралар жасауға уәдесін берді.

Сөз кезегі аймақтық федерацияның вице-президенті Асқар Махамбетовке жеткенде, ол командадағы бәсекелестіктің артқанын, дарынды жастардың көбейіп келе жатқанын айтып өтті.

Біз сіздерге әрдайым жанкүйерміз.Жаңа маусымда сәттілік тілейміз", - деп отырысты облыс әкімі түйіндеді.

Ал команданың капитаны Талғат Сыздықов облыс әкіміне клубтың жетінші нөмірлі жейдесін тарту етті.


fckaysar.kz