KZ
KZ RU
10 ақпан 2012 15:40

«Қайсар»: Жаңа маусым алдында

10 ақпан 2012 15:40

Жаттығу процессі жолдастық кездесумен алма-кезек өтуде. "Қайсардың" кезекті спарринг-қарсыласы румыниялық "Газ-метан". Соңғы оқу-жаттығу жиыны аясында әр қапталды күшейте алатын бірнеше футболшылар сынақтан өтті.

"Қайсар" футбол клубы басшылығының шешімімен мына футболшылармен келісімшартқа қол қойылды. Олар: Талғат Сыздықов, Руслан Эсатов, Азиз Анарметов, Алдан Балтаев, Жасұлан Молдақараев, Сүйіндік Көшеков, Асхат Тағыберген, Шыңғыс Таңатқанов, Анатолий Малков, Серік Сағындықов, Александр Стахив, Думан Нарзілдаев және Мұрат Ысқақов.

Сондай-ақ, бапкерлер кеңесі А. Байтенов, О. Хромцов, Л. Хайдучек және М. Любимкиннің қызметтерінен бас тартты. Ал Д. Дүйсембаев пен А. Төлегенов жаңа маусымды қосалқы құрамда бастайды.


fckaysar.kz