26 қараша 2014 14:43
"Қазақстан Республикасы клубтарының UEFA және FIFA додаларындағы сертификациясы" тақырыбында семинар өтті
26 қараша 2014 14:43
Семинарға Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының делегаттары, нақты айтқанда Кәсіпқой футбол лигасы мен Балалар-жасөспірімдер футболы бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Семинарда алғысөзді бастаған Сертификациялау бөлімінің жетекшісі Срымова Әлия Викторовна клуб өкілдерінің назарын 2015 жылға "ҚФФ сертификациялау ережесінің" тәртіптері мен сертификациядан өту талаптарына аударды. Одан кейін Департамент сарапшылары өздерінің презентацияларын таныстырды. Ал семинар соңына таман КФЛ мен Балалар-жасөспірімдер бөлімінен арнайы шақырылған мамандар клуб өкілдерінің сұрақтарына жауап берумен болды.
Семинардың екінші күні клубтардың қаржы саласындағы мамандарына арналды. Олар үшін ҚФФФ-тың қаржы талаптары жөніндегі сарапшысы "ҚФФ және УЕФА клубтық турнирлеріне Қазақстан клубтарының сертификациядан өту тәртібі", "Қаржы мониторингінің фэйр-плейі және клуб жұмыстарын бақылау бойынша УЕФА талаптары" тақырыптарында дәріс өткізді.
Басқа жаңалықтар