KZ
KZ RU
15 мамыр 2024 12:49
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

«Қыран» клубына тағы да техникалық жеңіліс берілді

15 мамыр 2024 12:49
1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 5-ші туры аясында өтуге тиіс болған SD Family - «Қыран» ойынына «Қыран» футбол клубының келмеуіне байланысты шымкенттік командаға 0:3 есебімен техникалық жеңіліс берілді. Бұндай шешім 2024 жылдың 14 мамырында өткізілген Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында қабылданды. Сонымен қатар «Қыран» клубы 150 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге және SD Family футбол клубына ойынды ұйымдастыруға кеткен шығынын өтеп беруге тиіс.

Аталмыш кездесу 2024 жылдың 2 мамырында Астана қаласындағы «Sydykbek Arena» стадионында өтуі тиіс еді. Айта кетейік, бұған дейін «Қыран» ФК 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының 2-ші турында сырт алаңда «Екібастұзмен» де ойнамай, 0:3 есебімен техникалық жеңіліс алған болатын.