KZ
KZ RU
08 маусым 2018 10:48

«Қызыл-Жар СК»-«Шахтер» және «Қайрат»-«Астана» матчтарының мерзімі өзгерді

08 маусым 2018 10:48
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы футболдан 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лига клубтары арасында «Қызыл-Жар СК»-«Шахтер» және «Қайрат»-«Астана» матчтарының мерзімі өзгергенін хабарлайды.
 
ХIV турдағы «Қызыл-Жар СК»-«Шахтер» матчы 2018 жылдың 17 маусымынан 18 маусымға ауыстырылды.
 
ХV турдағы «Қайрат»-«Астана» матчы 2018 жылдың 23 маусымынан 24 маусымға ауыстырылды.
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі клубтар арасындағы екі жақты келісімнің негізінде шешім қабылдады.