KZ
KZ RU
12 сәуір 2013 12:25

1/8-финалдың жеребесі тартылды

12 сәуір 2013 12:25


    Ел кубогына биыл барлығы 32 команда қатысқан. Яғни, премьер-лиганың 12, бірінші лиганың 20 ұжымы жүлде жолына түскен болатын. Алайда бірінші кезеңнен кейін премьер-лиганың екі клубы кубокқа таласын аяқтауға мәжбүр болды. Сөйтіп, екінші кезеңде премьер-лиганың 10, бірінші лиганың 6 клубы қалды.

   Бүгін 1/8-финалдық кездесулердің жеребесі тартылды. Ойындар мамырдың 1-і күніне жоспарланған. Айтпақшы, кездесулер бірінші тұрған командалардың алаңдарында өтеді.

1/8-финал
1 мамыр

«Ордабасы» (Шымкент) — «Каспий» (Ақтау)
«Сұңқар» (Қаскелең) — «Ақжайық» (Орал)
«Ертіс» (Кереку) — «Қайсар» (Қызылорда)
«Тараз» — «Болат» АМТ (Теміртау)
«Шахтер» (Қарағанды) — «Қайрат» (Алматы)
«Тобыл» (Қостанай) — ЦСКА (Алматы)
«Астана» — «Восток» (Өскемен)
«Қыран» (Шымкент) — «Ақтөбе».