KZ
KZ RU
06 маусым 2024 12:03
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

10-шы тур: ең аз гол жіберген клубтар мықтыны анықтамақ

06 маусым 2024 12:03

6-7 маусым күндері 1XBET QFL Бірінші лигасы аясындағы 10-шы турда көш басындағы «Каспий» өз алаңында көп гол жібере бермейтін «Хан-Тәңірін» қабылдайды.

 

6 маусым

 

«Түркістан» - «Ақжайық»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Тілеуов Ерәділ (Қызылорда), Оразбеков Айдос (Алматы), Тәңібергенұлы Нұрсат (Қызылорда)

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Мухамедьяров Шараф (Семей)

Қос ұжым да соңғы турда жеңіліс тапқан. Дегенмен «Түркістан» клубы өз алаңында сәтті ойнай алады. Ал бастапқыда 1XBET QFL Бірінші лиганың фавориттері болған «Ақжайық» әлі де оң жолға түсе алмай келеді. Командалардың 2023 жылғы кездесулеріне үңілсек, оралдықтар қос кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Осы жолы қалай болар екен?

 

«Ұлытау» - «Қайсар Жас»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: «Металлург» (Жезқазған)

Төрешілер: Молтусинов Антон (Өскемен), Русяев Алексей (Қарағанды), Ескенов Нұрсұлтан (Астана)

Қосалқы төреші: Бурдейный Андрей (Қарағанды)

Инспектор: Пасько Сергей (Алматы)

Екінші лигадан келген ұжымдардың аяқ-алысы жақсы. Әсіресе «Ұлытау» клубы мамыр айында 4 жеңіс, 1 нәтижемен 6-орынға көтеріліп алды. Шабуылшы Бауыржан Тұрысбектің де жолы болып тұр. Ал «Қайсар Жас» бірнеше ойыннан кейін ғана сәтсіздік сериясын тоқтата алды. Қызылордалықтардың сырт алаңдағы матчтарына үңілсек, 1 ғана гол соғып, бір тең нәтижемен үйіне қайтқан. Сондықтан Жезқазғандағы ойында алаң иелерінің бәсі жоғары.

 

«Каспий» - «Хан-Тәңірі»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Талапкеров Нариман (Орал), Мортин Никита (Ақтөбе), Хамзин Дархан (Астана)

Қосалқы төреші: Азиева Рамиля (Ақтау)

Инспектор: Попов Андрей (Павлодар)

1XBET QFL Бірінші лигада ең аз 5 гол жіберген үш клуб болса, соның екеуі – «Каспий» мен «Хан-Тәңірі». Құрамында өте мықты футболшылар жинақталған командалардың тартысы өте қызықты болады деген сенімдеміз. «Каспий» әлі жеңіліс таппаса, «Хан-Тәңірі» әзірше сырт алаңда қақпаларына гол жібере қоймаған.

 

7 маусым

 

«Ақтөбе Ж» - «Жетісай»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: ОМБЖОРСМ стадионы (Ақтөбе қ.)

Төрешілер: Жумашев Нуржан (Қызылорда), Волков Артем, Быков Антон (оба Атырау)

Қосалқы төреші: Тихонюк Юрий (Ақтөбе)

Инспектор: Мельников Максим (Ақтау)

Турнир кестесінің екінші орынында тұрған «Жетісайға» енді қателесуге болмайды. Енді ұпай жоғалтса, артында 5 команда жетіп алуы әбден мүмкін. Командалардың қазіргі жағдайына қарап, «Жетісай» сенімді жеңуге болады деп айтуға болады. Өйткені «Ақтөбе Ж» командасы 4 кездесуде 17 рет гол жіберіп алды. Енді олардың азулы жетісайлықтарға қарсы қорғанысын тас қамал қылып ұстайды дегенге сену қиын.

 

«Қайрат-Жастар» - «Арыс»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Суликанов Саят (Ақтөбе), Мейірбаев Асылан (Өскемен), Осипов Михаил (Тараз)

Қосалқы төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Жаппасбаев Серік (Қызылорда)

Кейінгі екі турда өз алаңында 15 гол соққан «Қайрат-Жастар» кезекті ойынында «Арысты» қабылдайды. Арыс футболшылары 2 матч бойы ұпай ала алмай келе жатыр. Алайда қонақтар алматылықтарға қарағанда аз гол жіберген. Былтырғы матчты еске алсақ, алаң иелері 5:1 есебімен басым түскен. 4-орында тұрған «Қайрат-Жастар» кезекті рет қарсыласын тізе бүктіруі әбден мүмкін.

 

«Екібастұз» - «Оқжетпес»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Екібастұз қ.)

Төрешілер: Ткачев Кирилл (Алматы), Ысқақов Темірбек (Орал), Проскуряков Илья (Өскемен)

Қосалқы төреші: Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

Инспектор: Ходин Анатолий (Атырау)

Осы турдағы орталық матчтардың бірі саналғанымен, командалардың арасындағы соңғы жылдардағы теке-тірестің көпшілігі «Оқжетпестің» жеңісімен аяқталған. 2018 жылдан бері қарсыласынан айласын асыра алмай келе жатқан «Екібастұздың» қазіргі құрамы былтырғыдан қарағанда әлдеқайда мықтырақ. Оның бірден-бір айқын көрінісі – турнир кестесіндегі 3-орын. Өз алаңында 1 рет қана тең түсіп, қалғандарында жеңіске жеткен «Екібастұз» осы матчта фаворит.

 

«Тараз» - SD Family

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Тараз қ.)

Төрешілер: Горда Данил (Көкшетау), Стасенко Виктор (Талдықорған), Әліқұлов Ержан (Түркістан обл.) 

Қосалқы төреші: Байымбет Сәкен (Тараз)

Инспектор: Қарлыбаев Болат (Орал)

Жеке шеберлігі жоғары футбол клубтары жолығады. Тараздағы матчта бұл керемет кездесу жанкүйерлерге жақсы ойын сыйлауы керек. Көп соғатын әрі көп гол жіберетін SD Family әрдайым көрермендердің ішін пыстырмайды. Ал алаң иелері 7-орында келе жатқанымен, тұрақты нәтиже көрсете алмай келеді.

 

Айта кетейік, «Алтай» - «Қыран» матчы шымкенттік команданың ойынға келе алмауына байланысты өтпейді.