KZ
KZ RU
20 маусым 2024 11:19
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

12-ші тур: кімнің жеңіс сериясы тоқтайды?

20 маусым 2024 11:19

20-21 маусым күндері өтетін 1XBET QFL Бірінші лиганың 12-ші турында қарсылас шыдатпай жатқан «Ұлытау» мен «Хан-Тәңірі» жасыл алаңда мықтыны анықтайды.

 

20 маусым

 

«Қайрат-Жастар» - «Қайсар Жас»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Аманкельдин Бекарыс, Ысқақов Темірбек (екеуі де Орал), Құсайынов Исламхан (Атырау)

Қосалқы төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Құсайынов Елеш (Астана)

Алматылық команда өз стадионында қандай қарсылас болсын, барын салады. Статистикалық көрсетішке назар салсақ, «Қайрат-Жастар» шамамен өз жерінде әр матчта кемі 2 гол соғады. Ал бұл «Қайсар Жас» сынды команданы жеңуге жеткілікті. Өйткені «Қайсар Жас» сырт алаңда ең көп гол жіберген ТОП-3 ұжымның қатарына кіреді және бес ойында 1 ғана ұпай еншілеген. Оның үстіне өткен турдағы ірі жеңіліс «Қайрат-Жастар» үшін қосымша мотивация болмақ.

 

«Оқжетпес» - «Ақтөбе Ж»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football мен Q League телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау)

Төрешілер: Попов Сергей, Хамзин Дархан, Ташметов Фарходжон (барлығы Астана)

Қосалқы төреші: Кучма Антон (Кокшетау)

Инспектор: Қарлыбаев Болат (Орал)

Ең аз гол жіберетін «Оқжетпеске» ең көп 31 гол жіберген «Ақтөбе Ж» командасын жеңу қиынға соға қоймас. Көкшетаулықтар өз жерінде «Каспийді» тізе бүктіріп, «Хан-Тәңірі», «Ұлытаудан» ұпай ала білді. Өте маңызды кейінгі екі матчтағы жеңістер алаң иелерін турнир көшбасшыларына жақындатты. Енді аутсайдерге қарсы 3 ұпайды еншілеуі тиіс. Өкінішке қарай, ақтөбеліктер барын салғанымен, әзірше Бірінші лигадағы қарсыластарына қарсы жолдары болар емес.

 

«Каспий» - «Тараз»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Бөкенов Асқар (Павлодар), Волков Артем, Быков Антон (екеуі де Атырау)

Қосалқы төреші: Назар Амандық (Актау)

Инспектор: Оспанов Серғали (Шымкент)

Турнир кестесінің 3 және 4-ші орындарында келе жатқан клубтар үшін тек қана 3 ұпай алуы қажет. Бұған дейінгі соңғы 3 теке-тіресте де қызыл қағаз көрсетілген. Бұл да футболшылардың бір-біріне соңғы минутқа дейін бітімсіз күрес жүргізетінін аңғартады. «Каспий» 3 тур қатарынан жеңіске жете алмаған соң, көшбасындағы орнынан айырылып қалды. Ал «Тараз» сырт алаңдағы кейінгі 2 матчта жеңіске жеткеннің арқасында 4-ші орынға көтерілді. Жамбылдықтар ашулы «Каспийден» ұпай ала ма екен?

 

21 маусым

 

«Жетісай» - «Арыс»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (Жетісай қ.)

Төрешілер: Тілеуов Ерәділ (Қызылорда), Үсенбаев Нұрхат, Әліқұлов Ержан (екеуі де Түркістан обл.)

Қосалқы төреші: Мұсалы Сейітмағзұм (Туркестанская обл.)

Инспектор: Ибрагимов Құрбан (Шымкент)

Турнирдің бірінші сатысына шыққан «Жетісайға» өз үйінде тек қана жеңіске жетуі керек. Екінші лигадан көтерілген ұжымның футболын барлығы сүйсіне тамашалап жүрген болар. Олар діттеген мақсаттарына жете ала ма екен? Ол үшін тек қана 3 ұпай ала беру керек. Өз үйіндегі матчтардың қорытындысы бойынша, «Жетісай» тек ақтаулықтармен тең түсіп, қалғандарында бет қаратпай жеңуде. Ал «Арыс» 3 матч бойы жеңілістен көз ашпағанымен, қарсыластарына лайықты өнер көрсетіп келе жатыр. Кез келген менсібеушілікті «Арыс» футболшылары пайдаланып кетуі мүмкін.

 

«Ұлытау» - «Хан-Тәңірі»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: «Металлург» (Жезқазған)

Төрешілер: Кумашев Тимур (Астана), Сайдуллаем Мансур (Қарағанды), Проскуряков Илья (Өскемен)

Қосалқы төреші: Филатов Иван (Сарань)

Инспектор: Дүйсенов Абай (Түркістан)

Бұл клубтар соңғы рет 25 сәуірде қарсыластарына жол берген. Одан бері бір жарым айдай уақытта «Ұлытау» 6 жеңіс, 1 тең көрсеткішке қол жеткізсе, «Хан-Тәңірі» 5 жеңіс, 2 тең нәтиже тіркеді. Осындай тұрақтылықтың арқасында командалар турнир кестесінің ТОП-5 командасының қатарына кірді. Қай ұжымның жеңісті сериясы тоқтар екен? OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шығуды көздейтін қос тарап та аянып қалмасы анық.

 

«Екібастұз» - SD Family

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Екібастұз қ.)

Төрешілер: Бильдинов Михаил (Қарағанды), Мейірбаев Асылан (Өскемен), Оразбеков Айдос (Алматы)

Қосалқы төреші: Карлов Евгений (Павлодар)

Инспектор: Шерменов Ахмет (Түркістан обл.)

«Екібастұз» клубы қатарынан 2 турда жеңілген соң, турнир кестесінің 3-орынынан 9-шы орынға сырғыды. Енді командалардың ұпайы бірдей. Әрі алаң иелері бірінші рет өз үйлерінде қарсыласқа жол берді. SD Family болса, сәтсіздік сериясын тоқтатып, «Түркістанды» 5:0 есебімен ірі жеңіске қол жеткізді. Астаналықтар жеңісті сериясы жалғай ма екен әлде алаң иелері тұйықтан шығар жолды таба ма?

 

«Түркістан» - «Алтай»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Халилов Мұрадбек (Шымкент), Сәрсенбаев Нұрлан, Жолдас Бахытжан (екеуі де Алматы)

Қосалқы төреші: Арыстанбай Шыңғысхан (Шымкент)

Инспектор: Уфимцев Сергей (Алматы)

«Алтай» үшін дәл қазіргі сәтте өз жерінде немесе түзде ойнаудың еш айырмашылығы болмай тұр. Олар 4 матчта 3 жеңіс және 1 рет тең түсті. Көп ұпайды сырт алаңда алды. Сондықтан өскемендіктер фаворит. Өкінішке қарай, көп гол жіберіп жатқан «Түркістан» өз жанкүйерлерінің алдында да оңайшылықпен ұпай ұстата салмайды. Алаң иелері тек «Екібастұздан» жеңілгенімен, қалған өз жеріндегі 4 ойында 2 мәрте жеңіп, 2 рет тең түскен. Турнир кестесінде көршілес тұрған ұжымдар үшін жеңіс аутсайдерлер қатарынан одан әрі алыстатпақ.