KZ
KZ RU
24 қыркүйек 2024 10:00
ЕКІНШІ ЛИГА

«Оңтүстік-Батыс» конференциясындағы екі командаға техникалық жеңіліс берілді

24 қыркүйек 2024 10:00
QFL Екінші лигасы «Оңтүстік-Батыс» конференциясының 20-шы туры аясында өтуге тиіс болған «Іле-Алатау» - KazAST ойынына «Іле-Алатау» футбол клубының келмеуіне байланысты 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды. Тағы осындай техникалық жеңіліс 20-шы тур аясында «Талас» клубына қарсы ойнауға тиіс болған «Тұран Ж» командасына да берілді. Бұндай шешім 2024 жылдың 20 қыркүйегінде өткізілген Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау және әдеп комитетінің отырысында қабылданды. 

Айта кетейік, «Іле-Алатау» - KazAST , «Тұран Ж» - «Талас» матчтары 2024 жылдың 17 қыркүйегінде өтуге тиіс болатын.