Батыс дербиі: OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалистері 110 миллион теңгені сарапқа салады
Қазақстан кубогының иегері 15-ші мәрте Алматының Орталық стадионында белгілі болады. «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч 29 қыркүйек күні 17:00-де басталады. Турнирдің финалында бірінші рет батыс дербиі өтпек.
32-ші рет ұйымдастырылған бәсекеге Qazaqstan Football League турнирлерінде өнер көрсететін 32 футбол клубы қатысып, осы жылдың 11 наурызында ресми түрде ойындар басталған еді. Турнир алдын ала кезең, 1/8, ¼, ½ финалдан тұрып, 1/8 және ¼ финалда жеңімпаз тек бір матчта анықталды. Нәтижесінде финалға алғаш болып, «Атырау» шығып, жарыс жолында SD Family, «Қайрат» пен «Тобылды» ысырды. Ал екінші жақтан «Ақтөбе» жолдама алып, «Жетісу», «Ордабасы» және «Елімайдан» басым түсті. Аталмыш командалар өз тарихында бір мәртеден ғана кубокты иеленген.
Айта кетейік, турнир басты серіктес - OLIMPBET букмекерлік компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Кубок иегері 65 миллион теңгені алса, жеңілген ұжым 45 миллион теңгеге иелік етеді. Сондай-ақ финалдық ойында серіктес ретінде AirAsia X әуе компаниясы, «Додо Пицца» халықаралық пиццерия желісі мен Kitfort тұрмыстық техника өндірушісі де болады.
«AirAsia X әуе компаниясы OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының финалдық ойынына ресми серіктес болғанын мақтанышпен хабарлайды. Бұл серіктестік компаниямыздың адамдарды шекараларға қарамастан бастарын біріктіруге және спортқа деген ортақ құштарлық арқылы «батыл түрде армандауға» шабыттандыруға мүмкіндік береді», - деді, AirAsia X компаниясы QFL-мен ынтымақтастығы жөнінде.
Финалдық кездесудің аясында жанкүйерлер үшін мерекелік бағдарлама да жоспарланған. Барлық футбол сүйер қауымды түрлі конкурстар, диджей, отандық танымал жүргізушілер мер әншілердің тартулары және т.б күтеді. Match Day-ді ұйымдастыру QFL-дің серіктестері арқасында мүмкін болды.
«Біз көпшіліктің сүйікті спорттық оқиғасын қолдап, жанкүйерлердің матчтағы әсерін бөлісу мүмкіндігін иелегенімізге мақтан тұтамыз. «Додо Пицца» ұзақ мерзімде QFL-мен серіктес болуға ниеттеніп, отандық футболдың мәдениетін дамытуға үлес қосады деген ойдамыз», - деді «Додо Пицца» компаниясы QFL-мен ынтымақтастығы жөнінде.
Айта кетейік, финал билеттерінен түскен қаражат түгелімен Алматы қаласындағы «Мейірім» оңалту орталығына аударылады. OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының иегері келесі маусымда еурокубоктың іріктеу кезеңі мен OLIMPBET QFL Қазақстан Суперкубогына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Финал тікелей эфирде Qazsport телеарнасы, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары мен Q Football мобильді қосымшасында көрсетіледі.