26 ақпан 2024 19:12
160 млн теңге: клубтар маусым алдында қаншалықты табыс тапты?
26 ақпан 2024 19:12
Отандық клубтар Премьер-лиганың жаңа маусымының басталуы қарсаңында қомақты қаржы тапты. Егер өткен жылы чемпионат басталғанға дейін Қазақстан Суперкубогының жүлде қоры 40 миллион теңгені құраса, биыл ҚКФЛ қаражаты есебінен ол 60 миллион теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар, алғаш рет маусым алдында 100 миллион теңгені құрайтын коммерциялық турнир өткізілді.
Жүлделердің өсуі ҚКФЛ-дың демеушілерді тарту жөніндегі нәтижелі жұмысының арқасында жүзеге асты. Бұл Қазақстан Премьер-лигасын коммерцияландыру аясындағы мақсаттардың бірі болып табылады. Төменде біз өткен 5 күн ішінде клубтарға төлем бойынша деректерді көрсетеміз:
«Ордабасы» ФК - 80 млн теңге
60 млн теңге - маусым алдындағы «1XBET Winter Cup» турнирінде жеңімпаз (қаржыны демеуші бөлді);
20 млн теңге - OLIMPBET - Қазақстан Суперкубогында екінші орын (демеуші - 15 млн теңге, ҚКФЛ - 5 млн теңге бөлді);
«Тобыл» ФК - 80 млн теңге
40 млн теңге - OLIMPBET - Қазақстан Суперкубогында жеңімпаз (демеуші - 25 млн теңге, ҚКФЛ - 15 млн теңге бөлді);
40 млн теңге - маусым алдындағы «1XBET Winter Cup» турнирінде екінші орын (ақшаны демеуші бөлді).
Басқа жаңалықтар