KZ
KZ RU
19 қыркүйек 2024 16:00
ЕКІНШІ ЛИГА

20-шы тур: «Шахтер Ж» мен «Ертіс» үзеңгі қағыстырып келеді

19 қыркүйек 2024 16:00

17-18 қыркүйек күндері өткен QFL Екінші лигасының 20-шы тур аясында «Оңтүстік-Батыс» конференциясында жеңімпаз анықталуға жақын болса, «Солтүстік-Шығыс» конференциясында әлі де ешнәрсе белгісіз.

 

Қандай жайттар тіркелді?

- 10 ойында 33 гол соғылды.

- 41 сары қағаз көрсетіліп, 1 ойыншы алаңнан қуылды.

- «Солтүстік-Шығыс» конференциясында топ бастап тұрған «Шахтер» жастары 14 матч бойы жеңіліссіз келеді.

- Әзірше Ertis клубы ғана 7 жеңіс сериясымен жалғастыруда.

 

Дәл қазіргі сәтте жанкүйерлердің назары «Солтүстік-Шығыс» конференциясына ауып тұр. Маусым басында «Ертіс» сөзсіз фаворит саналғанымен, маусымның аяқталуына 2 тур қалса да, әлі чемпионның кім болатыны белгісіз.

 

SD Family Ж – «Шахтер Ж» - 0:1

Гол: Максим Комиков, 45 минут (0:1)

Қарағандылық футболшылардың сапынан Шыңғыс Флюк кеткенімен, команда қарсыластарын жеңуін одан әрі жалғастырып жатыр. Маусымның басында кеншілер ірі доп айырмашылығымен басым түссе, қазіргі сәтте қақпаларына гол жібермеуді басты мақсат еткендей. Оның бір дәлелі – 5 ойын қатарынан қарсыластың гол соға алмауы. Әйтсе де, кездесуде қонақтар матч тізгінін толықтай өз қолдарында ұстап, астаналықтарға мардымды шабуыл жасатпады. Өз кезегінде қонақтар бірінші таймның соңғы минутында қақпашы қайтара алмайтындай соққы жасап, қақпа бағанынан серпілген допты Максим Комиков сәтті түйіндей білді. Енді «Шахтер» жастары 1 аптадан кейін қайта Sydykbek Arena-ға оралады.

 

«Ақсу» - «Ертіс» - 0:3

Голдар: Арман Смайылов, 42 минут (0:1), Арман Смайылов, 45 минутта пенальти (0:2), Изат Құлжанов, 77 минут (0:3)

Павлодар облысының қос командасының арасындағы теке-тіресте тартыс жалғасатыны сөзсіз еді. Өйткені бірінші айналымда «Ақсу» лайықты қарсылық көрсетіп, кейінгі 8 ойынның 6 матчында жеңіске жеткен болатын. Ал чемпиондық пен 1ХВЕТ QFL Бірінші лигаға шығуға ұмтылып жатқан «Ертіске» қарсылас кім болса да, жеңіске жету маңызды еді. Алғашқы тайм шабуылдарға толы болмағанымен, соңғы минуттарда Арман Смайылов қақпашының бойынан допты шебер түрде асырып, есеп ашты. Артынша пенальтиден есепті еселеді. Екінші таймда алаң иелері соққылар жасағанымен, шабуылдар голға ұласпады. Ал 77-минутта Изат Құлжанов айып алаңының сыртынан керемет соққысымен кездесудің тағдырын шешті.

 

QFL Екінші лиганың 20-шы туры аясындағы өзге матчтардың есептері:

 

«Солтүстік-Шығыс» конференциясы

 

«Жеңіс Жас» - «Тобыл Ж» - 1:4

Голдар: Роман Божко, 55 минут (0:1), Еламан Оспанғали, 65 минут (0:2), Еламан Оспанғали, 75 минут (0:3), Диас Қадырбек, 90+1 минут (1:3), Әлі Әбдібек, 90+2 минут (1:4)

 

«Алтай Ж» - «Қызылжар Ж» - 1:2

Голдар: Руслан Пунько, 12 минут (0:1), Алдияр Серікбай, 27 минут (0:2), Бекжан Қабылғазин, 36 минут (1:2)

 

«Жетісу Ж» - «Астана Ж» - 0:4

Голдар: Санжар Ануаров, 14 минут (0:1), Рақымжан Амангелдинов, 24 минут (0:2), Рақымжан Амангелдинов, 27 минут (0:3), Аслан Ғабиден, 33 минут (0:4)

 

«Оқжетпес Ж» - «Елімай Ж» - 2:4

Голдар: Қуаныш Шаймaрдaнов, 2 минут (0:1), Ерсұлтан Жаныбаев, 8 минутта пенальти (1:1), Владислав Левкович, 13 минут (1:2), Мақсат Серғазы, 27 минут (1:3), Асан Байғалиев, 61 минут (1:4), Александр Воронин, 71 минут (2:4)

Алаңнан қуылған: Диас Есетов, 74 минут («Оқжетпес Ж»)

 

«Оңтүстік-Батыс» конференциясы

 

«Мақтаарал» - «Жас Қыран» - 1:2

Голдар: Санжар Кабиров, 23 минут (0:1), Әмір Әлихан, 29 минут (0:2), Әділжан Мұсаев, 37 минут (1:2)

 

«Атырау Ж» - «Ордабасы Ж» - 2:0

Голдар: Бейбіт Кереев, 18 минут (1:0), Темірлан Жиеналиев, 88 минут (2:0)

 

AKAS«Қайсар-Шиелі» - 2:0

Голдар: Сергей Гридин, 83 минут (1:0), Дархан Меделхан, 84 минут (2:0)

 

«Оңтүстік» - «Тараз Ж» - 4:0

Голдар: Құдайберді Нарқұлов, 56 минут (1:0), Мағжан Тоқтыбай, 67 минут (2:0), Мағжан Тоқтыбай, 90 минут (3:0), Сардар Тұрсынбаев, 90+4 минут (3:0)

 

Айта кетейік, «Оңтүстік-Батыс» конференциясы аясындағы «Іле-Алатау» мен KazAST арасындағы ойын қабылдаушы тараптың қатыса алмайтындығына байланысты өтпеді, ал «Тұран Ж» мен «Талас» ойыны түркістандық команданың турнир регламенті ережелерін орындамағаны үшін өткізілген жоқ. QFL Екінші лигасының 21-ші тур ойындары 24-25 қыркүйек күндері өтеді.