KZ
KZ RU
13 қаңтар 2014 16:18

2014 жылғы әлем чемпионатының ойындарына ҚР журналистерін аккредитациялау

13 қаңтар 2014 16:18
Әлем чемпионатына аккредитация құқығын сұрау үшін Қазақстандағы баспасөз және ғаламтор сайттардың журналистері мен фототілшілері алдымен міндетті түрде FIFA Channel жүйесіне тіркелуі тиіс. Содан кейін редактордың қолы қойылған және журналистің аты-жөні мен контактілері жөнінде мағлұмат келтірілген өтінішті Қазақстан футбол федерациясының Баспасөз қызметі департаментіне жолдауларыңыз қажет. 
Өтініштер erbol-kairov@yandex.ru электронды мекен-жайына "2014 жылғы әлем чемпионатына БАҚ-тарды аккредитациядан өткізу" деген тақырыппен жолдануы тиіс
Өтініштерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2014 жылдың 20 қаңтары. Бұдан кешіккен өтініштер қабылданбайды.
 
Айта кету керек, ФИФА Қазақстан БАҚ-тарына белгілі мөлшерде ғана квота бөлген. Қазақстан футбол федерациясы тек FIFA Channel жүйесінде тіркелгені расталған журналистердің ғана өтініштерін қарастыратын болады.
 
Қаңтардың 21-і мен 25-і (2014 ж.) аралығында ҚФФ өтініштері құпталған журналистерге хабарласып, ФИФА-ның арнайы ақпараттық жүйесіне өтуге құқық беретін кодтарын береді. Содан осы ақпараттық жүйедегі форманы да толтыру керек. Мұның соңғы мерзімі — 2014 жылдың 31 қаңтары.
 
2014 жылдың 28 ақпанынан бастап ФИФА БАҚ-тарға журналистерінің аккредитациядан өткені жайлы хабарламаны жібере бастайды.
 
2014 жылдың 17 наурызынан бастап аккредитациядан өткен БАҚ-тар ФИФА-ның арнайы ақпараттық жүйесі арқылы әлем чемпионатында 48 кездесудің қайсыларын тамашалайтынын таңдаулары тиіс.
 
Қазақстандағы телекомпаниялар мен радиолардың өкілдері аккредитацияны өз беттерінше ҚФФ-тың қатынасынсыз өтеді. Бұл үшін FIFA Channel жүйесінде міндетті түрде тіркелу керек. 2014 жылдың наурызынан бастап ФИФА бұл санаттағы журналистерді аккредитациядан өткізуді бастайды.
 
Ескерту! ҚФФ журналистерді авиабилеттермен қамтамасыз етпейді, жатын орын және тамаққа кететін шығынды да көтермейді. Барлық шығындарды БАҚ-тың өзі мойнына алуы тиіс!
 
ФИФА баспасөз қызметі (Цюрих): +41-43 222 7272; электронды мекен-жай: media@fifa.org.
 
2014 жылғы Әлем чемпионаты ұйымдастыру комитетінің контактілері:

Баспасөз қызметінің электронды адресі: media@brasil2014.com.br
Жалпы бөлімнің электронды адресі: info@brasil2014.com.br
Анықтама қызметі: +55 21 2014-2014, +55 21 2014-2111 (круглосуточно)
Факс: +55 21 2432-2025
Мекен-жай: Av. Salvador Allende 6555, Riocentro (Portão J), Barra da Tijuca, Rio de Janeiro, Brasil 22783-127