KZ
KZ RU
22 ақпан 2017 08:23

2017 жылғы ҚР Кубогының алдын-ала кезеңі жеребесінің тікелей эфирі

22 ақпан 2017 08:23

Қазақстан Кубогының алдын-ала кезеңінің жеребесі кезінде қатысатын командалар 2016 жылдың қорытындысы бойынша үш қоржынға бөлінеді.

1 қоржын: «Жетісу», «Алтай», «Қызыл-Жар СК»,

2 қоржын: «Мақтаарал», «Каспий», «Екібастұз»;

3 қоржын: «Қыран», «Рузаевка».

Шымкенттік СДЮШОР №7 командасы автоматты түрде А тобына көшіріледі, себебі 8 сәуір күні олар Екінші Лиганың алғашқы турына қатысады.

Регламент талабына сай Қазақстан Кубогының алдын-ала кезеңіне «Қайрат А», «Шахтер-Болат» және «Байқоңыр» командалары қатыса алмайды. Аталған командалар «Қайрат», «Шахтер» және «Қайсар» клубтарының құрылымдарына кіреді.

Шараның басталу уақыты – 11:00-де.  ПФЛК-ТВ жобасы осы жеребені тікелей эфирде көрсетуді жоспарлайды.