KZ
KZ RU
17 қараша 2018 17:08

2018 жылғы Қазақстан Кубогының финалы Астанада өтеді

17 қараша 2018 17:08

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының атына «Ордабасы» футбол клубынан жеделхат түсті. Бұған дейін, «Ордабасы» футбол клубы кубок финалын өз алаңында өткізуді қалаған болатын.

Клуб жетекшілігі «Атырау» - «Қайрат» финалдық матчын Шымкент қаласында қабылдай алмайтынын жеткізді. Дәл қазіргі уақытта инфрақұрылым бойынша ұйымдастыру комитетінің ескертулерін қысқа мерзім ішінде ретке келтіру мүмкін болмай отыр. Сонымен қатар, ауа-райының тұрақты болмауына байланысты Қажымұқан атындағы стадионның газоны да талапқа сай келмей тұр.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігі 2018 жылғы Қазақстан Кубогының финалын осы уақытқа дейін қосалқы алаң ретінде бекітілген Астана қаласының «Астана Арена» стадионында өткізуге ұйғарды. Ойын 24 қараша күні 15:00-де басталады.