KZ
KZ RU
04 сәуір 2018 15:19

2018 жылғы маусымның ойыншыларды тіркеу бірінші кезеңі аяқталды

04 сәуір 2018 15:19
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы отандық футбол клубтардың 2018 жылғы маусымда ойыншыларды тіркеу кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды.
 
Футболшыларды тіркеу 11 қаңтарда басталып, 3 сәуірге дейін жалғасты.
 
Бұл уақыт аралығында Премьер-лигаға барлығы 305 ойыншы тіркелді, олардың ішінде 209 Қазақстан футболының түлектері болып саналады.
 
Бірінші лигаға 283 ойыншы тіркелді, олардың ішінде 270 - отандық футболдың түлектері.
  
Екінші лигада қазақ футболының 495 түлегі өнер көрсететін болады.
 
2018 жылғы маусымның екінші тіркеу кезеңінің мерзімдері Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетімен кейін бекітіледі.