KZ
KZ RU
22 қаңтар 2019 18:21

2019 жылғы Қазақстан Суперкубогы Алматыда өтеді

22 қаңтар 2019 18:21

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Суперкубогы үшін өтетін матчты қабылдайтын стадионды таңдағанын хабарлайды.

Осы уақытқа дейін Лига мүшелеріне маусымның алғашқы ойынын өз ареналарында өткізуге ұсыныс тасталған болатын. Басты талап – шараны ұйымдастырудағы ережелерді қатаң сақтау. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына «Астана» және «Қайрат» футбол клубтарынан екі ұсыныс түсті.

Қабылданған өтініштердің қорытындысы бойынша матчты Алматыда өткізу туралы шешім жасалды.
 
2018 жылғы ел чемпионы «Астана» мен Қазақстан Кубогының иегері «Қайрат» кездесетін маусымашар ойыны 2019 жылдың 3 наурызында Орталық стадионда өтеді.