KZ
KZ RU
05 сәуір 2021 21:54

2020 жылғы маусымның үздік қорғаушысы, шабуылшысы және бас бапкері марапатталды

05 сәуір 2021 21:54

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылдың қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік қорғаушысы, шабуылшысы және бас бапкері номинацияларында жеңімпаз атанған адамдарды марапаттады.

Үздік қорғаушы мен шабуылшыны анықтау барысында отандық футбол клубтардың жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша белгілі болды.

Респонденттердің назарына әр номинацияда үздік бес үміткерден тұратын тізім ұсынылды. Әр респондент үш үміткерді таңдады. Бірінші орын - үш ұпай, екінші орын - екі ұпай, үшінші орын - бір ұпай. Барлық ұпайды санау арқылы сауалнама қорытындыланады.

Сауалнамалар қорытындысы бойынша  «OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік шабуылшысы» номинациясында алматылық «Қайраттың» легионері Вагнер Лав топ жарды. Чемпионаттың үздік қорғаушысы болып алматылық «Қайраттың» ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев таңдалды.

«OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік бапкері» номинациясында жеңімпазды анықтау тамыз, қыркүйек, қазан және қараша айларының қорытындысы бойынша өткізілген сауалнамаларда осы номинацияға лайықты үміткерлер жинаған ұпайларды қосу арқылы жүзеге асты. Аталмыш номинацияда алматылық «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский жеңіске жетті.

Өткен жылдың үздіктерін арнайы сыйлықтармен OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 3-тур «Қайрат» - «Тараз» ойынының алдында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев марапаттады.