KZ
KZ RU
20 желтоқсан 2020 09:00

2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік голы анықталды

20 желтоқсан 2020 09:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының өткен маусымның үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарында соғылып, тамыз, қыркүйек, қазан және қараша айларында өткен сауалнама бойынша үздік атанған 4 голды ұсынылды. Шараға барлығы 1 199 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша 2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік гол болып «Қайсар» – «Тобыл» (7-тур, 2:1) кездесуінде соғылған Асхат Тағыбергеннің керемет голы атанды. Қызылордалық команданың ойыншысының голына 570 (47,54 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.