KZ
KZ RU
21 қараша 2022 18:18

2022 жылғы маусымның үздік голын таңдаймыз!

21 қараша 2022 18:18

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымның үздік голын анықтау үшін сауалнама ұйымдастырды.

Сіздің таңдауыңыз аяқталған маусымның қорытындысы бойынша наурыз айынан бастап қазан айына дейін үздік атанған 8 голды, сонымен қатар ҚКФЛ Әкімшілігінің шешімімен тізімге қосылған «Ордабасы» командасының шабуылшысы Луис Гедештің OLIMPBET-Кубоктың финалында соғылған голы ұсынамыз:
1. Уго Видемонттың голы («Ақтөбе» - «Атырау», наурыз айының үздік голы)
2. Жерар Гоудың голы («Ақсу» - «Ақтөбе», сәуір айының үздік голы)
3. Ұлар Жақсыбаевтың голы («Ақсу» - «Тұран», мамыр айының үздік голы)
4. Уго Видемонттың голы («Ақтөбе» - «Астана», маусым айының үздік голы)
5. Еркебұлан Тұңғышбаевтың голы («Шахтер» - «Ақсу», шілде айының үздік голы)
6. Сергей Кейлердің голы («Қайрат» – «Ақжайық», тамыз айының үздік голы)
7. Руслан Камболовтың голы («Мақтаарал» - «Ақтөбе», қыркүйек айының үздік голы)
8. Гүлжігіт Алықұловтың голы («Қайрат» – «Ақсу», қазан айының үздік голы)
9. Лиус Гедештің голы («Ақжайық» - «Ордабасы», ҚКФЛ Әкімшілігінің шешімімен)
 

 
Сауалнама 2022 жылдың 24 қарашасына дейін жалғасады. Онда тек қазақстандық жанкүйерлердің дауыстары ескеріледі (IP-мекенжай статистикасы бойынша).