KZ
KZ RU
16 қыркүйек 2017 16:39

6 ұпай үшін шайқас: Орда Қостанайға қонаққа барады

16 қыркүйек 2017 16:39
Сіздердің назарларыңызға Премьер-лиганың кезекті тур ойындарына превью ұсынамыз.

«Ертіс» – «Ақжайық»
Өтетін орны:
 Павлодар, «Орталық» стадион, 17:00
Ауа райы: +23, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ

Өткен турда павлодарлықтар өзінің тікелей қарсыластары қостанайлық "Тобылдан" жеңіліс тапты. Енді "Ертіске" қателесуге болмайды, әр қатенің бағасы жоғарлайды. Бірақ, осындай жағдайға "Ақжайықта" түсіп калды. Вахид Масудов ойыншылары соңғы орыннан көтерілгенімен, оларды әлі көп жұмыс күтіп отыр.

"Ертіс" жанкүйерлері Вячеслав Грозныйдан алғашқы жеңіс күтуде. Павлодарлықтар екі ай бойы жеңіс дәмін тата алмауда - айта кететіні, соңғы рет олар "Ақжайықты" жеңген. 

«Тараз» – «Қайрат»
Өтетін орны: Тараз, «Орталық» стадион, 18:00
Ауа райы: +23, күн ашық
Трансляция:
ҚКФЛ ТВ

Алматылықтар Карлос Алос Феррердің келісімен жеңістен тұратын тамаша серияға қол жеткізуде. Жаңа бапкер "Қайратқа" тек ұпайлар алып беріп қана қоймай, команданың жас ойыншыларының ашылуына да мүмкіндік беруде. Сенбіде Таразжа ұқсас философияны ұстанатын командалар кездесуі күтілуде. Воит Талгаев жас ойыншылармен жұмыс жасауды ұнататын бапкерлердің бірі.  

Бұл ойын тартысты болуы тиіс, себебі "Тараз" өз алаңында ұпайды оңай бере қоятын команда емес.

«Тобыл» – «Ордабасы»
Өтетін орны: Қостанай, «Орталық» стадион, 18:00
Ауа райы: +25, күн ашық
Трансляция: 
ҚКФЛ ТВ

Бұл кездесуді турдың орталық кездесуі деп атауға болады. Турнирлік кестенің жоғарғы орнында тұрған командалар бір-бірімен күш сынаспақ. "Тобыл" мен "Ордабасы" кестеде көршілес орналасқанымен, ұпай айырмашылығы көзге түседі. Қостанайлықтар шымкенттіктерге жақындауды қалайды, бүгін осы ойды жүзеге асыруда Роберт Евдокимов ойыншыларына жақсы мүмкіндік туындап отыр.  

Бұл маусымды "Тобыл" Петрушин командасы үшін қиын қарсылар болып табылады. Алдымен "Ордабасы" Затабольскте минималды есеппен жеңісліс тапты, содан кейін Смақов бастаған жігіттер өз алаңында қолда ұстап тұрған ұпайларды жіберіп алды. Шымкенттіктер үшінші орынды жоғалқылары келмейді, сонымен қатар екінші орын үшін күрестіде жалғастыруға болады.

«Атырау» – «Ақтөбе»
Өтетін орны: Атырау, «Мұнайшы» стадионы, 18:30
Ауа райы: +30, күн ашық
Трансляция: 
ҚКФЛ ТВ

Батысқазақстандық дерби әрдайым тартысты бәсекеде өтеді. Қазір екі команда 25 ұпаймен  турнирлік кестенің соңында орналасқан. Бұл кездесу ұтқан командаға тек қана жеңіс алып беріп қоймайды, сонымен қатар қарсыласты маңызды ұпайлардан айырады.

"Ақтөбе" де, "Атырау" да тек жеңіс үшін таласуға дайын. "Ақ-қызылдар" жаңында 50 жылдық мерей тойын тойлап, өз алаңында жеңіске жетті, ал "мұнайшылар" Астанада жергілікті командадан ойсырай ұтылды.

 
17 қыркүйек
«Шахтер» – «Оқжетпес»
Өтетін орны:
 Карағанды, «Шахтер» стадионы, 18:00
Ауа райы: +25, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ
 
Көкшетаулықтар кестенің соңғы орнына сырғып кетті. Бұл жағдайда "Оқжетпес" қуанбайтыны анық. Көкшетаулық клуб масмыс ортасында бапкер алмастырды, бірақ жаңадан келген Виктор Пасулько алға қойған мақсаттарды орындай алмауда. Арасында Пасулько ойыншылары жақсы ойын өрнегін көрсетеді, бірақ бұл ұпай жинау үшін жеткіліксіз.
 
"Шахтердің" жағдайы "Оқжетпеске" қарағанда әлде қайда жақсы. Иә, тұрақтылық "кеншілерге" тән қасиет емес, бірақ өз алаңында қарағандылықтар жақсы ойнайды. Мүмкін жанкүйерлердің қолдауы Ширмялис командасына көмек болар.
 

18 қыркүйек
«Қайсар» – «Астана»
Өтетін орны: Астана, Ғ. Мұратбаева атындағы стадионның қосалқы алаңы, 17:30
Ауа райы: +31, күн ашық
Трансляция: 
ҚКФЛ ТВ
 
Командалар өздерінің соңғы ойындарында 1:3 есебімен жеңілді. "Қайсар" Алматыда "Қайратқа" жеңілсе, "Астана" Испанияда "Вильяреалға" есе жіберді. Әрине, екі ұжымда дүйсенбіде жеңіске жетуге тырысады, себебі жанкүйерлерді болгарлық бапкерлердің дербиі күтуде.
 
Әзерше бұл командалар арасындағы кездесулерде басымдылық Стойлов жағында. "Астана" бұл маусымда "Қайсарды" екі мәрте жеңген, бірақ қызылордалық ойыншылар оптимизмді жоғалтпай, жеңіске жетуге тырысады.