KZ
KZ RU
15 мамыр 2024 17:00
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

7-ші тур: Оралға футбол оралады

15 мамыр 2024 17:00

16-17 мамыр күндері 1XBET QFL Бірінші лигасы аясындағы 7-ші турында «Ақжайық» клубы бір айдан астам уақыттан кейін өз алаңында көшбасшы «Жетісайды» қабылдамақ.

 

16 мамыр

 

«Ақжайық» - «Жетісай»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Петр Атоян атындағы стадион (Орал қ.)

Төрешілер: Сержанұлы Біржан (Алматы), Мортин Никита, Бисекенов Әлім (екеуі де Ақтөбе)

Қосалқы төреші: Аманкелді Бекарыс (Орал)

Инспектор: Мельников Максим (Ақтау)

Өткен маусымда сәл ғана ұпай жетпей, Бірінші лиганы 4-орында аяқтаған «Ақжайықтың» жолы болмай тұр. Бұл клуб бір айдан астам уақыттан кейін ғана өз стадионында доп тебуге мүмкіндік алды. Оралдықтар осы жылы өз алаңында екі матч өткізіп, екеуінде де гол соға алмай, есе жіберген еді. Міне осы сәтсіздіктер және SD Family клубын 2:0 есебімен жеңіп тұрып, ұтылуы алаң иелеріне қосымша мотивация болмақ. Ал көш басындағы «Жетісай» ары қарай да жанкүйерлерін қуанта ала ма екен?

 

«Ақтөбе Ж» - SD Family

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «ОМБЖОРСМ» стадионы (Ақтөбе қ.)

Төрешілер: Талапкеров Нариман, Шыңғысов Ерболат, Авакянц Данила (барлығы Орал)

Қосалқы төреші: Оңғарбаев Рустам (Ақтөбе)

Инспектор: Камчатный Геннадий (Алматы)

Өз алаңында жігерлі жеңіске жеткен SD Family сырт алаңда фаворит ретінде бармақ. Өйткені, астаналықтар 1XBET QFL Бірінші лигада ең көп гол соғып келе жатқан команда. Екіншіден, «Ақтөбе Ж» командасы қақпаларына ең көп 14 гол жіберді. Қателіктерге жол беретіндіктен, бұл ойында біршама голдар көріп қалуымыз мүмкін.

 

«Екібастұз» - «Алтай»

Уақыты:16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Екібастұз қ.)

Төрешілер: Ысқақов Марат (Астана), Сайдуллаев Мансур (Қарағанды), Ахвердиев Акбар (Саран)

Қосалқы төреші: Будничеко Дмитрий (Екібастұз)

Инспектор: Мухамедьяров Шараф (Семей)

Енді ғана көш басына шыққан «Екібастұзға» оңайлықпен есе жібермеуі тиіс. Олар екінші рет өз алаңында басты аутсайдер «Алтайды» қабылдайды. Өскемендіктер әлі ұпай алмағанымен, барлық голдарын сырт алаңда соғып келеді. Тіпті «Оқжетпеспен» сәл болмағанда тең түсе жаздады. Сондықтан алаң иелеріне де босаңсып қалуға болмайды.

 

«Тараз» - «Ұлытау»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Тараз қ.)

Төрешілер: Тілеуов Ерәділ (Қызылорда), Қадыров Жалғас (Өскемен), Ташметов Фарходжон (Астана)

Қосалқы төреші: Құрбанов Әбдіқадыр (Тараз)

Инспектор: Шерменов Ахмет (Түркістан обл.)

Кейінгі екі кездесуде 6 ұпай алған «Ұлытау» өздеріне деген сенімділіктерін арттыра білді. Бірақ Тараз қаласында оларға оңай болмайды. Алаң иелері өз алаңында гол жібергенімен, алыстан бағыттайтын соққыларымен жеңісті жұлып алуда. Турнир кестесінде орындары шамалас. Жас талантты футболшылар мен тәжірибелі ойыншылардан жасақталған клубтардың матчы қызық өтеді деген сенімдеміз.

 

«Каспий» – «Қайсар Жас»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Жарылқасынов Самат (Шымкент), Әліқұлов Ержан (Түркістан обл.), Жолдас Бақытжан (Алматы)

Қосалқы төреші: Назар Амандық (Ақтау)

Инспектор: Уфимцев Сергей (Алматы)

Бірінші рет сырт алаңда ұпай жоғалтқан «Каспий» өзге қарсыластардың қуып жетуіне мүмкіндік беріп қойды. Ең көп шабуылдайтын алаң иелеріне «Қайсар Жас» командасының қақпашысы бөгет болуы мүмкін. Себебі, 21 жастағы қақпашы Нұрмат Сәрсенов «Оқжетпес» пен «Екібастұзға» қарсы керемет ойын өткізді. 4 рет қатарынан қарсыласымен тең түскен қызылордалықтар сырт алаңда ұпай алып кете ала ма екен?

 

«Хан-Тәңірі» - «Түркістан»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Жұмашев Нұржан (Қызылорда), Русяев Алексей (Қарағанды), Равдель Вячеслав (Орал)

Қосалқы төреші: Ахметов Алмаз (Алматы)

Инспектор: Қошқаров Серік (Тараз)

Көпшілікті таңғалдырып, маусымды өте сәтті бастаған «Түркістан» клубы соңғы 2 турда 8 гол жіберіп алды. Десе де, турнир кестесінде командалардың арасын 1 ғана ұпай бөліп тұр. Қарымта шабуылда керемет ойнайтын қонақтар аутсайдер болса да, гол соғып кетуі мүмкін. Ал «Хан-Тәңірі» ең аз гол соғатын және ең аз гол жіберетін клуб болып тұр.

 

17 мамыр

«Қайрат-Жастар» - «Қыран»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Ысқақов Санжар (Қостанай), Ходотчук Андрей (Павлодар), Субботин Максим (Талдықорған) 

Қосалқы төреші: Ахметов Алмаз (Алматы)

Инспектор: Қызылбаев Бақыт (Ақтөбе)

2023 жылғы өткен ойында жанкүйерлер 8 голға куә болған. Осы жылы да «Қайрат-Жастардың» шабуылда ойнауға тырысып жүр. Кейінгі 4 матчта 10 гол соққан. Сондықтан алаң иелері турнир кестесінің төменгі сатысындағы «Қыраннан» айласын асыруы тиіс. Бір ерекшелігі – шымкенттіктер әлі күнге дейін осы маусымда сырт жерге бармай жүр.

 

«Арыс» - «Оқжетпес»

Уақыты:16:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Арыс қ.)

Төрешілер: Халилов Мурадбек (Шымкент), Ахметов Азамат (Қызылорда), Ыдырыова Динара (Шымкент) 

Қосалқы төреші: Мұсалы Сейтмағзұм (Түркістан обл.)

Инспектор: Пасько Сергей (Алматы)

Ақырындап өз ойынын тауып келе жатқан «Арыс» өз алаңында тәп-тәуір өнер көрсетуде. Тек соңғы минутта «Ақтөбе Ж» командасына есе жібергені болмаса, алғашқы голдарды соғып келеді. Енді Арыс қаласына турнир кестесінің 4-орынында келе жатқан «Оқжетпес» ат басын бұрмақ. Көкшетаулықтар өз стадионында қарсыласқа тыным бермегенімен, сырт алаңда айтарлық көрсеткіші жақсы емес. Қонақтар фаворит болғанымен, «Арыстың» ұпай алып қалуы ғажап емес.