KZ
KZ RU
17 мамыр 2024 15:22
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

9-шы тур: «Елімай» бірінші орынға шыға ала ма?

17 мамыр 2024 15:22

18-19 мамыр күндері OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 9-шы турында Семейде 2 және 3-ші орында келе жатқан «Елімай» мен «Қайрат» жолықса, «Ақтөбе» ел чемпиондарын қабылдайды.

 

18 мамыр

 

«Атырау» - «Астана»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Мұнайшы» стадионы (Атырау)

Төрешілер: Сахи Данияр (Қызылорда), Панин Максим (Қостанай), Бейжанов Рустам (Петропавл)

VAR төрешісі: Байымбет Сәкен (Тараз)

AVAR төрешісі: Орунбаев Илашбек (Түркістан обл.)

Қосалқы төреші: Султанғалиев Руслан (Атырау)

Инспектор: Ордабаев Құрманбек (Түркістан обл.)

2023 жылы өткен қос ойында да есеп ашылмаған болатын. Оның үстіне «Атырау» өз алаңында «Қайратты» тізе бүктіріп, «Ордабасымен» тең түсті. Алайда сәтсіздік сериясы жалғасып жатқан «Астана» үшін әлі де жағдайды жақсы жаққа өзгертуге кеш емес. Сондықтан оларға өз мүмкіндіктерін сәтті қолданып, қателіктерді жөндеуі тиіс.

 

«Ақтөбе» - «Ордабасы»

Уақыты: 19:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы

Өтетін жері: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион (Ақтөбе)

Төрешілер: Абдуллаев Бағдат (Қаратау), Филоненко Дмитрий, Жүсіпов Амангелді (екеуі деТараз)

VAR төрешісі: Измайлов Денис (Талдықорған)

AVAR төрешісі: Бельский Евгений (Тараз)

Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)

Инспектор: Заякин Виктор (Семей)

Өткен аптада ғана OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының овертаймында керемет эмоция сыйлаған командалар енді Ақтөбе қаласында жолықпақ. 2023 жылғы кездесуді еске алсақ, алаң иелері 2:1 есебімен жеңгенімен, соңғы минутта Асхат Тағыберген пенальтиден мүлт кеткен еді. Ал 2021 жылы 4:4 есебі тіркелген. Өз алаңында ұтыла бермейтін «Ақтөбеге» жанкүйерлер қаншалықты көмектесе алады екен?

 

«Қайсар» - «Жеңіс»

Уақыты: 21:00

Тікелей эфир: QFL.KZ, Q Football телеарнасы

Стадион: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Төрешілер: Кучма Антон, Сысоев Антон (екеуі де Көкшетау), Серікболов Данияр (Семей)

VAR төрешісі: Затула Александр (Өскемен)

AVAR төрешісі: Тергеусізов Самат (Алматы)

Қосалқы төреші: Жақсылық Төребек (Қызылорда)

Инспектор: Гриджан Юрий (Алматы)

«Жеңіс» клубы соңғы екі ойында жеңілгенімен, өзімен деңгейлес «Шахтер», «Тұраннан» 3 ұпайын алған еді. Осы ойында да қарсыластардың ұпайы мен футболшылары шамалас. Матч Қызылорда қаласында өткенімен, «Жеңістің» де мүмкіндігі болатыны айқын.

 

19 мамыр

 

«Жетісу» - «Қызылжар»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: QFL.KZ, Sport+ Qazaqstan телеарнасы

Өтетін жері: «Жетісу» стадионы (Талдықорған)

Төрешілер: Омаров Рустам (Алматы), Тихонюк Юрий (Ақтөбе), Дауанов Ардақ (Алматы)

VAR төрешісі: Суликанов Саят (Ақтөбе)

AVAR төрешісі: Васютин Сергей (Алматы)

Қосалқы төреші: Сейдахметов Жақсылық (Талдықорған)

Инспектор: Бақберген Исағали (Шымкент)

Осы маусымда жарқын ойынымен қуантып жүрген талдықорғандықтар турнир кестесінің 4-ші орнында келеді. Алдағы кездесуде жеңіп жатса, 2 немесе 3-орынға көтерілуге мүмкіндігі бар. Бұған себеп те бар. «Жетісу» соңғы 4 ойынның 3-уінде жеңіске жетсе, «Қызылжар» 4 ойын қатарынан қарсыластарына ұпай үлестіріп, әрі гол соға алмай келеді. Бас бапкер Әли Әлиев те қақпашыларына көңілі толмайтынын баспасөз жиынында айтып қалды.

 

«Шахтер» - «Тобыл»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Qazsport телеарнасы

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Қарағанды)

Төрешілер: Московченко Григорий (Павлодар), Лесив Станислав (Семей), Мағау Наргис (Алматы)

VAR төрешісі: Ноженко Сергей (Талдықорған)

AVAR төрешісі: Жүнісов Нұржан (Астана)

Қосалқы төреші: Кучин Артем (Қарағанды)

Инспектор: Горда Александр (Көкшетау)

Өз стадионында «Астананы» жеңіп, «Қайсармен» тең тарқасқан «Шахтердің» қостанайлықтарға әлі жете ме екен? Өйткені, «Тобыл» егер тағы да ұпай жоғалтса, көшбасшыларды алысқа ұзап алуы мүмкін. Қарағанды қаласында өткен 4 матчта да «Шахтер» басым түскен. Сол себепті, кезекті сенсация тіркеліп қалар ма екен?

 

«Елімай» - «Қайрат»

Уақыты: 21:00

Тікелей эфир: QFL.KZ, Q Football мен Q Arena телеарналары

Өтетін жері: «Спартак» стадионы (Семей)

Төрешілер: Сариев Болат (Орал), Филатов Иван (Саран), Конивец Артем (Қарағанды)

VAR төрешісі: Тасыбаев Айдын (Астана)

AVAR төрешісі: Долгих Алексей (Павлодар)

Қосалқы төреші: Вишняков Дмитрий (Семей)

Инспектор: Дузмамбетов Руслан (Өскемен)

Семейге футбол оралғалы көрермендер соңғы минутқа дейін футболды тамашалап жатыр. Себебі, «Елімайдың» әр ойыны соңғы минутқа дейін интриганы ұстап келеді. Әсіресе 1 аптада 2 гол соққан Никита Корзунды барлығы танып алған шығар. Бірақ осы жолғы қарсылас та оңай болмасы анық. «Қайрат» бір ойыншысы кем болса да, «Жеңісті» 2:0 есебімен ұтты. Сонымен қатар мықты қарсыластарға ерекше дайындықпен шығатыны бар. Cемейліктердің жеңісті жұлып алуға эмоциясы жете ме екен?