KZ
KZ RU
30 мамыр 2024 15:30
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

9-шы тур: «Жетісайдың» кезекті сынағы

30 мамыр 2024 15:30

30-31 мамыр күндері 1XBET QFL Бірінші лигасы аясындағы 9-шы турда «Жетісай» клубы сырт алаңда тәжірибелі футболшылардан жасақталған «Екібастұзға» қонаққа барады.

 

30 мамыр

 

«Қыран» - «Каспий»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «БИІК» спорт кешені (Шымкент)

Төрешілер: Аманкелді Бекарыс (Орал), Нұрлан Әділет (Қаратау), Жалғас Кенжебек (Қызылорда)

Қосалқы төреші: Жарылқасынов Самат (Шымкент)

Инспектор: Уфимцев Сергей (Алматы)

«Қыран» әзірше жалғыз жеңісін тек Ақтөбеде ғана алды. Ал өз үйіндегі кейінгі 3 матчында тұрақты түрде 0:1 есебімен жеңіліп келеді. Кезекті қарсылас - көш басындағы «Каспий». Егер менсінбеушілік болмаса, «Каспий» 3 ұпайын еншілеуі тиіс. Бірақ ақтаулықтардың Лига кубогында ойнағаны да бар. Шымкенттіктер аутсайдер болғанымен, оңайлықпен берілмеуі тиіс.

 

«Қайрат-Жастар» - «Түркістан»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Ысқақов Марат (Астана), Шыңғысов Ерболат, Авакянц Данила (екеуі де Орал)

Қосалқы төреші: Үсенов Досбол (Алматы)

Инспектор: Мельников Максим (Ақтау)

Кейінгі 4 матчқа көз жүгіртсек, алматылықтар үшін «Түркістан» ұжымы ыңғайлы қарсылас болып тұр. 2023 жылы Алматыдағы матч 5:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған. Биылғы турнир кестесінде «Қайрат-Жастар» ең көп гол соққан команда атағын еншілеп тұр. Түркістандықтар кейінгі турда әупірімдеп жеңгенімен, алматылықтарға шамасы жете қоймас.

 

SD Family – «Алтай»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Стадион: Sydykbek Arena стадионы (Астана)

Төрешілер: Ысқақов Санжар, Вахитов Ернар (екеуі де Қостанай), Мақатов Талғат (Петропавл)

Қосалқы төреші: Гариев Эмиль (Астана)

Инспектор: Көпжасар Бейбіт (Қызылорда)

SD Family клубы мен «Алтай» бұған дейін тұрақты түрде Екінші лигада кездесіп, астаналықтар 6 мәрте жеңіске жеткен. Тек Өскемендегі екі матч тең аяқталған. Қазіргі турнир кестесіндегі жағдай да астаналықтардың пайдасына шешіліп тұр. Бірінші жеңісіне жеткен «Алтай» клубына сырт алаңда ұпай алуы қиынға соғады. OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шығу амбициясы бар SD Family осы ойында жеңіске жетсе, 3-4-орынға дейін көтерілуге мүмкіндігі бар.

 

«Екібастұз» - «Жетісай»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Екібастұз қ.)

Төрешілер: Попов Сергей (Астана), Қадыров Жалғас (Өскемен), Равдель Вячеслав (Орал)

Қосалқы төреші: Будниченко Дмитрий (Екібастұз)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

Осы турдағы жанкүйерлердің асыға күтетін ойыны. «Екібастұз» клубы өз алаңында әзірше қарсыластарына гол жібере қоймады. Қатарында OLIMPBET QFL Премьер-лиганың бірнеше футболшысы бар алаң иелері фаворит саналуы керек. Ал маусымды өте қарқынды бастаған «Жетісай» осы қарсыласын жеңіп кетсе, басты бәсекелесінен ұпайын ұзартып алады. Керісінше, екібастұздықтарға да бұл ойында жеңілуге болмайды.

 

31 мамыр

 

«Қайсар Жас» - «Ақжайық»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Төрешілер: Ахметов Алмаз (Алматы), Сайдуллаев Мансур (Қарағанды), Ходотчук Андрей (Павлодар)

Қосалқы төреші: Тілеуов Ерәділ (Қызылорда)

Инспектор: Қошқаров Серік (Тараз)

1XBET QFL Лига кубогында ойсырай жеңілген «Ақжайық» Қызылорда төрінде жеңіске жетуге тырысады. Ол үшін олардың потенциалдары да жеткілікті. Тек гол соғатын мүмкіндіктерін пайдалана алса жеткілікті. Дегенмен, QFL Екінші лигадан көтерілген «Қайсар Жас» өз алаңындағы 4 кездесуде де жеңілмеді. «Екібастұз», «Оқжетпес» 3 ұпай ала алмаған алаңнан оралдықтардың шамасы жетер ме екен?

 

«Арыс» - «Тараз»

Уақыты: 17:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Арыс қ.)

Төрешілер: Жарылқасынов Самат (Шымкент), Сәрсенбаев Нұрлан (Алматы), Бисекенов Әлім (Ақтөбе)

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Богданов Олег (Семей)

1XBET QFL Лига кубогында «Қызылжарға» жақсы қарсылық танытқан «Тараз» клубы Арыстан 3 ұпай алуға баратыны сөзсіз. Десе де, «Арыс» командасын есептен шығаруға болмайды. Олар өз алаңында «Ақтөбе Ж» мен «Каспийге» жеңілгенімен, «Хан-Тәңірі», «Оқжетпесті» әжептәуір састырды. Алайда қағаз жүзінде «Тараз» фаворит. Олар жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта ала ма? Барлығын жасыл алаңда көреміз.

 

«Хан-Тәңірі» - «Ақтөбе-Ж»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Бөкенов Аскар (Павлодар), Субботин Максим, Бектұров Әлібек (екеуі де Талдықорған) 

Қосалқы төреші: Үсенов Досбол (Алматы)

Инспектор: Сереков Асқар (Қызылорда)

«Хан-Тәңірінің» қақпашысы Андрей Пасеченко кезекті кездесуінде гол жібермеуіне керемет мүмкіндік. Өйткені, «Ақтөбе Ж» турнир кестесінде тек «Қыраннан» ғана жоғары тұр. Соңғы 3 ойында өз қақпаларына 10 гол жіберді. Тек Арыс қаласында алаң иелерінің босаңсығанын пайдаланып, жеңіп кетті. Алматылықтар ондай кемшілікке жол бере қоймас.

 

«Оқжетпес» - «Ұлытау»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау)

Төрешілер: Сержанұлы Біржан, Арынханов Нұрдәулет (екеуі де Алматы), Арыстанбай Шыңғысхан (Шымкент) 

Қосалқы төреші: Горда Данил (Көкшетау)

Инспектор: Исаев Кеңесбек (Қызылорда)

Қатарынан 4 ойында жеңіске жеткен «Ұлытау» клубы турнир кестесінің 3-ші орнына бірақ көтерілді. Ал «Оқжетпес» 1 ғана ұпай қалып, 5-ші орынға жайғасып тұр. Қос ұжым да OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шығуды мақсат еткендіктен, ешкімге оңай тимейді. «Оқжетпестің» басты қолдауы - жанкүйерлер. Сондықтан жезқазғандықтардың жеңіс сериясы Көкшетауда тоқтауы әбден мүмкін.