Ақтөбе қаласындағы ОДЮШОР стадионы матчтарды қабылдай алмайды
Тексеріс футбол алаңдарының сапасын бақылайтын Комиссияның Төрағасы, ҚКФЛ спорт директоры Павел Демянның басшылығымен жасалды. Технологиялық зерттеу процесі алаңдарды сертификациялау саласында тәжірибесі мол «LABSPORTKZ» компаниясымен өткізілді.
Зерттеу барысында арнайы құрылғының көмегімен алаң сапасының функционалдық көрсеткіштерінің өлшемдері жасалды. Солардың ішінде түзулік, сандалақтау, доптың вертикальді кері серпілісі, алаң торабының иілгіштігі мен шымырлығы кіреді.
Нәтижесінде, ФИФА-ның жасанды алаңдарға қойылатын талаптарына сәйкес келмейтін көрсеткіштер анықталып, ҚКФЛ Комиссиясы Ақтөбе қаласындағы ОДЮШОР стадионының алаңы ҚКФЛ ұйымдастыратын матчтарға жарамсыз деген шешім қабылдады.
Футбол алаңдарының сапасын бақылайтын Комиссия техникалық себептерге байланысты ауа райының оң темпаратурасында ғана тексерісті ұйымдастыра алады. Сондықтан аймаққа жылы ауа райы келгеннен бастап Комиссия белсенді түрде жұмысқа кірісті.