"Ақтөбе" алда келеді
Отыз жастағы плеймейкер Марат Хайруллин екінші ойын қатарынан "Ақтөбенің" өрге сүйреді. Бұл жолы Марат командасына тек жеңіс әкеліп қана қоймай, командасын турнир көшбасшысы етті.
"Астананың" да турнир көшін бастайтын керемет мүмкіндігі болған. Елордалықтар жеңіс үшін барын салды. бірақ, Қарағандының "Шахтері" үш ұпайды бермеді. Екі еңселі команданың тең ойыны "Ақтөбенің" пайдасына шешілді. Марат Хайруллиннің соққан жалғыз голы "Ақтөбені" Алматыда "Қайсартты" жеңуге мүмкіндік берді.
"Негізі, биылдыққа ең нашар ойынымыз болды. Ойын тізгіні "Қайраттың" қолында болып, алматылықтар бізді матч бойы қорғануға мәжбүр етті. Бағымызға орай, қарымта шабуылды сәтті пайдаланып, жеңіс голын соғып кеттік, - деді бұл жайында UEFA.com сайтына сұхбат берген Хайруллин.
Cемейдің Премьер-лига ойынын көрмегеніне он жыл болды. Өз стадионының дайын болмауына байланысты мұның алдындағы үш кездесуін "Спартак" Өскеменде өткізген. Енді міне, Премьер-лига Қазақстан футболындағы туған жеріне қайта оралды. Дегенмен, айта кету керек, ойынға бір күн қалғанда "Спартактың" бас бапкері Алмас Құлшынбаев қызметінен босап, бұл кездесуге команданы көмекшісі бастап шықты. Ал ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Өзге ойындар туралы. "Ордабасы" турнир кестесіндегі көршісі "Атыраумен" тең ойнаса, "Тараз" соңғы минуттағы голдың арқасында "Жетісуды" жеңді. Ал "Ертіс" өз жерінде Қостанайдың "Тобылынан" ойсырай ұтылды.