KZ
KZ RU
26 шілде 2017 00:13

Ақтөбе футбол Орталығы үшін арнайы жабдықтар алды

26 шілде 2017 00:13
"Ақтөбе" ФК кеңсесіне футболға арналған күтілген кіим-кешек және жабдықтар келді. Бұдан бұрын Қазақстан футбол Федерациясына балалар және жасөспірімдер футболын Премьер-лига клубатарында дамыту мақсатында УЕФА-дан арнайы қаржы бөлінген.
 
"Ақтөбе" ФК футбол орталығына керекті барлық заттарды алды, олар: 500 сапалы және кәсіби доптар, ойын формасының жаңа үлгісі.
 
"Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Мақсат Төмалиев:
- Бүгін біздер ҚКФЛ мен ҚФФ-нан демеушілік көмектің бірінші бөлігін қабылдап алдық. Жылдың басынан ҚКФЛ мен ҚФФ балалар және жасөспірімдер футболын дамыту аясында Премьер-лига клубтарына демеушілік көмек көрсетуде. Біздер 62 миллион теңгеге тауар алдық, соныман қатар жақын арада аудандардағы футбол орталықтарының бөлімшелеріне демеушілік көмек келуі тиіс. Барлық тауарлар - бұл біздің бас команда киетін фирмалық Adidas компаниясының киімдері. Біздерге тек балалар киетін киім емес, доптарда берілді. Жылдың басынан Орталықты доптармен қамту жағынан бізде қиындықтар болған. Яғни, сапалы доптардың үлкен тапшылығы болды. Қазір балаларға керекті жаңа заманға сәйкес доптар келді. Және де 10 миллионға арнайы құрал-жабдықтар келді. Әрине, біздер ҚКФЛ мен ҚФФ-ға ризамыз.
 
"Ақтөбе" футбол орталығынаң жетекшісі Валерий Прихно:
- Бүгін біздің футбол орталығымыз үшін маңызды оқиға. Біздер арнайы киім-кешектің жиынтығын, ойын формасын, футбол доптарын, және жаттықтыру процессі үшін арнайы құрал-жабдықтар қол жеткіздік. Барлығыда жоғары сапалы. Бұл ФО дамуына деген үлкен қадам. Бұл көмек балаларды жақсы жаттығуына ынталандырады. Ақтөбе футболын дамытуға септігін тигізген үшін біздер ҚКФЛ мен ҚФФ басшыларына рақмет айтамыз.