KZ
KZ RU
06 желтоқсан 2024 10:55
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

Рамазан Бағдат - 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының ең үздік жас ойыншысы

06 желтоқсан 2024 10:55
Qazaqstan Football League 2024 жылғы маусымның қорытындысы бойынша, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасындағы «Үздік жас ойыншы» номинация иегерін ұсынады. Бұл атақты «Қайрат-Жастар» командасының шабуылшысы Рамазан Бағдат жеңіп алды.

18 жастағы «сары-қаралардың» тәрбиеленушісі 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында ТОП-5 сұрмергендер тізіміне еніп, 10 гол және 3 нәтижелі пас көрсеткішін тіркеді. Ал маусымның нәтижесінде «Қайрат-Жастар» командасы турнир кестесінде 4-ші орынға тұрақтады. Рамазан Жасөспірімдер УЕФА лигасында да алматылықтардың намысын қорғап, 19 жасқа дейінгі ұлттық құрама сапында доп тепті.

QFL Рамазан Бағдатты құттықтап, сәттілік тілейді!