KZ
KZ RU
26 қараша 2014 09:58

"Ақтөбе" күміс медальмен" марапатталды

26 қараша 2014 09:58
Қарашаның 23-і күні облыстық драма театрда  2014 жылғы ел чемпионатының күміс жүлдегері "Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары мен бапкерлер алқасын марапаттау рәсімі өтіп, ҚФФ вице-президенті Сейілда Байшақов команда медальдар табыс етті. 
 
Көпшіліке алдында сөз сөйлеген Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жиналған қауымды аталмыш жүлдемен құттықтап, келесі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін басшылық барлық қолдан келген әрекетті жасайтынына сендірді. Сондай-ақ, бас бапкер Владимир Газаев пен Юрий Логвиненко да жанкүйерлер алдында сөз сөйлеп, қолдау көрсеткен барлық фанаттар мен басшылыққа алғыстарын жеткізді.
 
Жиналған қауым осы кешке дайындалған "Ақтөбе" жайлы арнай бейнероликті тамашалап, соңында футболшылармен бірге естелік суретке түсті. 
 
"Ақтөбе" ФК Баспасөз қызметі
Фото: Юрия Тарасенко