KZ
KZ RU
08 сәуір 2019 18:41

«Ақтөбе» мен «Оқжетпес» ойындарды өз алаңдарында қабылдайды

08 сәуір 2019 18:41
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы жасыл алаңдарды пайдалануға рұқсат беру комиссиясының шешімімен Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда 2019 жылдың 14 сәуірінен бастап ресми ойындарды өткізуге болатынын хабарлайды. 
 
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Ақтөбе» футбол клубына жасыл алаңның сапасын үнемі жақсартып отыруға кеңес берді. Жасыл алаңның сапасы нашарлаған жағдайда стадиондарда ресми ойындарды өткізуге қайтадан тыйым салынуы мүмкін. 
 
Сонымен қатар, «Оқжетпес» футбол клубына ресми ойындарды 2019 жылдың 10 сәуірінен бастап өз алаңында өткізуге рұқсат берілді.