KZ
KZ RU
20 ақпан 2012 15:41

«Ақтөбе» үшінші жиынын бастады

20 ақпан 2012 15:41

Осы жиынның қорытындысы бойынша команданың 2012 жылғы құрамы анықталатын болады. Жиын қалыптасқан жүйе бойынша өтеді. Яғни, футболшылар күніне екі мәрте жаттығып, шаршағандықтарына қарамастан бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. Бүгінде төрт спарринг-қарсыластың екеуі анықталып қойды. 22 ақпанда командамыз Белоруссияның "Гомель" клубына қарсылас атанса, үш күн өткеннен кейін Түркмения құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Қалған екі қарсылас команданың есімі бірер күнде анықталады.


fc-aktobe.kz