KZ
KZ RU
01 ақпан 2013 15:32

«Ақжайық» екінші жиынын бастады

01 ақпан 2013 15:32

Биыл "Ақжайық" селекциялық жоспарын қайта қарастыруды эөн көрді. Енді оралдықтар негізінен шеттен келгендерге емес, өз түлектеріне назар аударатын болады. Әзірге бірінші жиын Түркияның Анталия қаласында өткізіп, 6 қаңтардан бері алты жолдастық кездесу өткізді.

Артур Авакянц, «Ақжайық» футбол клубының жаттықтырушысы:

— Бас бапкеріміз белоруссиялық Владимир Гольмак. Джоджо Неманья сынды тасқамал қақпашыны шақырттық. Марко Джорджевич, Сергей Кондратьев сынды легионерлермен келісімшартқа отырдық. Жаттығу жиыны жоспар бойынша өрбуде.

Екінші жиын ақпанның 3-і мен наурыздың 2-сі аралығында жалғасады. Бұл команданың жаңа маусым алдындағы соңғы дайындық кезеңі болмақ. Осы жиынның қорытындысы бойынша команда құрамы жасақталып, клубпен келісімшартқа отыратын футболшылар толығымен анықталады. Жергілікті ойыншылар өздерін танытуға құлшынып тұр. Ел біріншілігінде оралдық ойыншыларды тек жақсы қырынан көреміз деп үміттенеміз.

tdk42.kz