KZ
KZ RU
23 қазан 2013 14:15

«Ақжайық» футбол клубының ресми сайты ашылды

23 қазан 2013 14:15

«Ақжайық" футбол клубының сайтын қайта қалпына келтіру үшін біраз тер төгіліп, көптеген жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде „Sports.kz“ сайтымен серіктестік орнатып, заманауи жаңа сайтқа қол жеткізе алдық.
 
Сайттың бас бетінен команданың соңғы жаңалықтары біле аласыздар. Сондай-ақ, фотоматериалдармен танысып шыға аласыздар. Одан бөлек, өткен ойындар мен алдағы кездесулер және ҚПЛ мен дубльдік турнирдің кестесі де осында орналасқан.
 
Өкінішке қарай, сайт әлі 100 пайызға дайын емес. Бөлімдер толығымен толықтырылып біткен жоқ. Дегенмен, жақын арада барлығын қалпына келтіріп, сіздерге ыңғайлы болуы үшін барлық жағдайды жасаймыз. Біздің сайтымыз сіздерге ұнайтын болады деп үміттенеміз», — деп келтірілген клубтың сайтында.


fc-akzhayik.kz